Қай өңірдің әкімдері жұмыс істей алмайды?

Қай өңірдің әкімдері жұмыс істей алмайды?

Қай өңірдің әкімдері жұмыс істей алмайды?
ашық дереккөзі
Үкiмет отырысында премьер-министр Асқар Мамин республикалық көрсеткiштi төмендетiп тұрған өңiрлердiң әкiмдерiне ескерту жасады. Жыл басынан берi экономиканың негiзгi базалық өсу көрсеткiштерi бойынша Ақтөбе, Жамбыл, ШҚО, Қарағанды және Түркiстан облысының әкiмдiгi жақсы жұмыс атқарған. Қызылорда, БҚО, Қостанай, Маңғыстау облыстары мен Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының көрсеткiшi республикалық деңгейден төмен болған. Үкiмет басшысы аталған аймақ әкiмдерiне: «Сiздердiң көрсеткiштерiңiз жыл қорытындысы бойынша елдегi орташа көрсеткiштi төмендетедi. Тиiстi қорытынды шығарып, нақты шаралар қабылдау қажет», – деп ескерттi.