Мүгедектікке берілетін жәрдемақы қалай ұлғаяды?
Мүгедектікке берілетін жәрдемақы қалай ұлғаяды?
2020 жылы еңбек өтiлi мен әлеуметтiк төлемдер мөлшерi арасындағы байланыс күшейтiледi.
Ендi 71 айға дейiн – бес жыл және 11 айды қоса алғанда қатысу өтiлiнiң қолданыстағы коэффициенттерi сақталады, ал әрбiр келесi толық жыл үшiн бес жылдан артық коэффициент 2 пайызға артатын болады.
Мысалы, 7 жыл бойы қорға ай сайынғы орташа табысы 100 мың теңге болатын мүгедектер аударым жасаған болса, әлеуметтiк төлем мөлшерi – 31 080 теңге болады. Бұл төлемге мүгедектiгi бойынша арнаулы жәрдемақыны қосу керек. Екiншi топ мүгедегiне берiлетiн бұл көмек 2020 жылы – 47 710 теңге, төлемнiң жалпы сомасы 78 790 теңге болады.
Мүгедектiгi бойынша жәрдемақылар мынадай жолмен ұлғаяды: I топтағы мүгедектерге – 59 872 теңге (күнкөрiс минимумының 1,92 мөлшерi), II топтағы мүгедектерге – 47 710 теңге (1,53 КД), III топтағы мүгедектерге – 32 431 теңге (1,04 КД) төленедi.
Балаларға арналған мемлекеттiк жәрдемақы (16 жасқа) I топ мүгедектiгi барларға – 59 872 теңге (1,92 КД), II топ – 49 581 теңге (1,59 ӨМ), III топ – 37 420 теңге (1,20 КД).
16 жасқа дейiнгi мүгедек балаларға 43 657 теңге (ең төменгi күнкөрiс деңгейi 1,4 мөлшері) төленедi.