Мүгедектікке берілетін жәрдемақы қалай ұлғаяды?

Мүгедектікке берілетін жәрдемақы қалай ұлғаяды?

Мүгедектікке берілетін жәрдемақы қалай ұлғаяды?
ашық дереккөзі
2020 жылы еңбек өтiлi мен әлеуметтiк төлемдер мөлшерi арасындағы байланыс күшейтiледi. Ендi 71 айға дейiн – бес жыл және 11 айды қоса алғанда қатысу өтiлiнiң қолданыстағы коэффициенттерi сақталады, ал әрбiр келесi толық жыл үшiн бес жылдан артық коэффициент 2 пайызға артатын болады. Мысалы, 7 жыл бойы қорға ай сайынғы орташа табысы 100 мың теңге болатын мүгедектер аударым жасаған болса, әлеуметтiк төлем мөлшерi – 31 080 теңге болады. Бұл төлемге мүгедектiгi бойынша арнаулы жәрдемақыны қосу керек. Екiншi топ мүгедегiне берiлетiн бұл көмек 2020 жылы – 47 710 теңге, төлемнiң жалпы сомасы 78 790 теңге болады.

Мүгедектiгi бойынша жәрдемақылар мынадай жолмен ұлғаяды: I топтағы мүгедектерге – 59 872 теңге (күнкөрiс минимумының 1,92 мөлшерi), II топтағы мүгедектерге – 47 710 теңге (1,53 КД), III топтағы мүгедектерге – 32 431 теңге (1,04 КД) төленедi.

Балаларға арналған мемлекеттiк жәрдемақы (16 жасқа) I топ мүгедектiгi барларға – 59 872 теңге (1,92 КД), II топ – 49 581 теңге (1,59 ӨМ), III топ – 37 420 теңге (1,20 КД).

16 жасқа дейiнгi мүгедек балаларға 43 657 теңге (ең төменгi күнкөрiс деңгейi 1,4 мөлшері) төленедi.