Қайырымдылық қорларында қандай қауіп бар?

Қайырымдылық қорларында қандай қауіп бар?

Қайырымдылық қорларында қандай қауіп бар?
ашық дереккөзі
Премьер-министрдiң бiрiншi орынбасары әрi Қаржы министрi Әлихан Смайылов қылмыстық кiрiстердi заңдастыру мен терроризмдi қаржыландырудың жолын кесуге күш салмақ. Бұдан былай қайырымдылық ұйымдары мен дiни бiрлестiктер қаржыны тек банк арқылы аударатын болады. Мәжiлiс бiрiншi оқылымда мақұлдаған заңға осы өзгерiс енгiзiлдi. «Заңға бағынбағандар жазаға тартылады», – дедi министр. Мұндай әрекетке баратындардың көбi аз тексерiлетiн жүйенi таңдайды. Ол – қайырымдылық қорлары, жәрдем жинайтын дiни ұйымдар. Оларда терроризмдi қаржыландыру қаупi басым. Сондықтан алдағы уақытта мұндай мекемелер қаржыны қолма-қол тарата алмайды». Сондай-ақ, министр дiни және қайырымдылық ұйымдары үлкен көлемдегi қаржы жайында тиiстi органдарды ақпараттандырып отыруы керек. Әйтпеген жағдайда, оларға айыппұл салынатынын айтты.