Байлар да жылайды: олигархтар әлеуметтік жәрдемақы алады

Байлар да жылайды: олигархтар әлеуметтік жәрдемақы алады

Байлар да жылайды: олигархтар әлеуметтік жәрдемақы алады
ашық дереккөзі
Атаулы әлеуметтiк көмекке қатысты жаңа заңға сәйкес ендi көпбалалы олигархтар да жәрдемақы алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Бiржан Нұрымбетов мәлiмдедi.  «Қоғамдық салада әлеуметтiк төлемдерге қатысты әдiлдiктi сақтап отыру аса қиын. Мәселен, «байлар да көпбалалы жанұяға төленетiн жәрдемақы алатыны қалай?» дейтiн пiкiрлер бар. Оларды бұл тiзiмнен бөлу керек деп жатыр. Қанша теңгесi бар адамды бай деймiз? Кедей дегенге кiмдер жатады? Бұл оңай шаруа емес. Ең төмен күнкөрiс деген ұғым бар, оның 70 пайызы кедейлiк шегiнде. Осы көрсеткiш негiзiнде белгiлеп отырмыз. Қараша халықпен көп кездесемiн, жаның ашиды. АӘК шегi – 20 789 теңге. Табысы осы сомадан 100 теңге асып кетсе атаулы көмек ала алмайды. Ао ол адамның байға жатпайтынын адам ретiнде түсiнiп отырмыз. Бiрақ, заң солай. Сондықтан шектi қоймайықшы дедiк. Сөйтiп көпбалалы отбасыларға  жәрдемақы енгiздiк. Ендi «олигархтар да жәрдемақы ала ма?» деген сұрақ туындап отыр. Ендi қайтемiз? Менiң екi-үш әрiптесiм көпбалалы министр. Олар менен «Бiз де аламыз ба?» деп сұрайды. «Заң бойынша алуға құқылысыз. Бiрақ елдiң патриоты ретiнде өтiнiшiңiздi бермей-ақ қоятын шығарсыз" деп қалжыңдап қоямын», – деп түсiндiрдi министр.