Шенеуіктердің сүйікті сыйлығы қандай?

Шенеуіктердің сүйікті сыйлығы қандай?

Шенеуіктердің сүйікті сыйлығы қандай?
ашық дереккөзі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызметкерлер арасында ең көп таралған сыйлықтардың тізімін ұсынды. Бұл тізімге түрлі косметикалық компаниялардың өнімдері, торт, тәттілер, қымбат алкоголь ішімдіктері, ішіне тартылған ет салынған зәйтүн, корнишон және тағы басқа қымбат дүниелер кірген. Биыл музыкалық құралдар, әсіресе, домбыра сыйлау «сұраныста» болыпты. Көз тиюден қорғайтын бұйымдар, шарф, Adidas спорттық костюмі, ерлерге арналған Tissot сағаты, тіпті, үй киімдері де (пижама) тарту етілген. Ал қарапайым халық мемлекеттік қызметкерлерге деген ықыласын көбіне-көп 2-3 мың теңге көлемінде немесе ұялы телефонына бірлік есебінде білдіреді екен. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бас маманы Сымбат Исрапулованың мәліметінше, биыл әкімшілік құқықбұзушылық бойынша 27 хаттама толтырылып, 10 миллион 386 мың 200 теңге көлемінде айыппұл салынған. Агенттік өкілі егер тұрғындар өз еркімен сыйлық беруді мақұл көрсе, екі тарапқа да (сыйлық берушіге де, алушыға да) ешқандай шара қолданылмайтынын ескертті. Десе де, «Мемлекеттік қызметкерлерді аты-жөні жоқ «марапаттай» берудің соңы нендей нәрсеге әкелетінін ойланғанымыз абзал, 2 мың теңге алып, ақысын 200 есе өтеуге тура келетінін де естен шығармаған жөн», - дейді Сымбат Исрапулова.