Құрама халқы жөнінде не білеміз?

Бүгінде әлемде неше түрлі ұлттар мен ұлыстар өмір сүруде. Бірақ солардың бірі ірі мемлекеттердің төл халқын құраса,  енді бірі макроэтностың құрсауында ассимиляцияға түсіп жұтылып кетуде. Әрине, олардың негізін этнос яғни халық құрайтыны белгілі. Этнос адамзаттың этникалық құрылымында маңызды орын алады. Бұл құрылымның күрделілігі сонда, басқа да этникалық құрылымдардың пайда болуымен байланысты. Мәселен, субэтнос деп халықтың бір бөлігі белгілі бір территорияда орныққан және мәдени-лингвистикалық ерекшелігімен бірге жалпы этникалық өзіндік сана элементтеріне ие болған халықты айтады. Субэтникалық топтарда негізгі этникалық қауымға қарағанда этникалық ерекше қасиеттер аз. Субэтностың өзіндік ерекшелігі оның шығу тегімен байланысты. Кей жағдайда олар біртіндеп негізгі этникалық бірлігін жоғалтқан бұрынғы этностар, енді бірде басқалармен бір қауымда екенін мойындайтын этникалық топтар, үшіншіден, өзіндік мәдениет белгілері бар (мәселен казактар) әлеуметтік қауым. Дегенмен де олардың бөліну критерийлеріне барлық уақытта мінез-құлық ерекшелігі жатады және этникалық топтардың белгілі бір этникалық топқа қатынасын сақтау кезінде қоршаған ортаға аса ұқсамайтынымен көзге түседі. Сонымен, этностың құрылымдық ұйымынан шығатын қорытынды, бір адам бір кезеңде әртүрлі деңгейдегі бірнеше этникалық қауымға кіреді. Мәселен, орыс (негізгі этникалық қауым), дон казагы (субэтнос) және славян (метаэтникалық қауым) барлығы өздерін орысқа жатқызуы мүмкін.

Осындай субэтностың бірі — құрама хал­қы. Құрама халқы негізінен Ташкент облысының оңтүстік шығысы бөлігіндегі Ахан­гаран аңғарындағы Ангрен өзені бойында шоғырланған. Сондай-ақ ақ­парат беруші А.Раззақовтың айтуынша Ән­діжан облысының кейбір қыс­тақ­та­рын­да, Жызақ облысы Бахмал аумағында да мекендейді. Олардың шығу тегіне бай­ланысты зерттеушілер әртүрлі пікір ай­тады. Радлов, құрамалықтар (өзбекше – qurama; тура мағынасында құралған, жиналған деген ұғымды білдіреді) шығу тегі бойынша өзбек және қазақ тайпалары мен руларынан пайда болған, далалық отырықшылар болып саналатын, көшпелілер мен сарттардың мекендеу аймағын бөлетін, аралық аймақта өмір сүрген, халықтар деп көрсетеді. Антропологиялық типі бойынша және тұрмысының кейбір ерекшелігіне қарай құрамалардың бір бөлігі қазақтарға ұқсастығы бар. Тіпті тілі де мазмұны мен морфологиясы бойынша көбіне қазақ тіліне жақындығын сонау ХХ ғ. 90-жылдары Ангрен қаласы, Ахангаран аудандарына жүргізілген зерттеулерде байқаған болатынбыз.

Құрамалардың шығу тегіне байланыс­ты XVIII ғ. орыс зерттеушісі И.Андреев те өзінің еңбегінде: «Жаңадан пайда болған бұл құрама халқы туралы ештеңе айта алмаймыз. Бір білетініміз, ташкенттіктер, қашқарлықтар мен бұқаралықтар оларды «жаңа қауым» деп таниды. Осыған қарағанда олар басқа жерлерден ауа көшіп келгенге ұқсайды, кейбіреулерінің айтуынша, олардың қауымдастығы хиуалықтар мен қарақалпақтардан құ­рал­ған, көпшілігі қашып келген қарақ­шылар деп санайды. Олар көбейе келе не әскері, не билеушісі жоқ Бұқар қалаларын иемденіп алған. Сырдарияға құйып жатқан Шыршық өзенінің ар жағындағы Ангрен аумағы Ташкент және Қоқан қаласымен шектесіп жатыр. Олардың саны он мың адамнан аспайды, малы да егістігі де жеткілікті. Қоқан бегінің қол астында Ташкент қаласынан 50 шақырым қашықтықта жатқан тоғыз қаласы бар, олар: 1) Пскент, онда сегіз жүз түтін;
2) Ке­реуші, бекініс есебіндегі қала; 3) Шарукия, Ходжент қаласының билігіне ба­ғынады; 4) Боқа, онда мың түтін бар; 5) Мұратәлі; 6) Кирейт Бақсу; 7) Қарақтай; 8) Қалай-мөр; 9) Пангас. Бұл қалаларда құрамалардың қыста тұратын баспаналары бар. Ал жаз уақытында олар егін егіп, мал ұстау үшін қала маңына көшеді, өздерінің қалаларына жеткілікті түрде күшті күзет қояды. Бұлар да қырғыздар (қазақтар) сияқты асау халық. Бұқар керуендеріне үнемі зиян тигізіп келеді. Шығу тегі беріден, осы ғасырдан басталады. Мұхаммед пайғамбардың «Қазір олар қуаттанып алғаны сондай, қытайлар да, қырғыз-қайсақтар да және оларға жақын тұратын жабайы қырғыздар да оларға шапқыншылық жасай алмайды» деп жаз­ды. Бұл жерде автор оларды басқа жақ­тан ауып көшіп келген этникалық қауым ретінде қараса, жергілікті халықтардың құрамаларды хиуалықтар мен қара­қал­пақтар не қашқындар деп санайтынын айтады. Ол құрамалардың шығу тегіне қатысты нақты деректерді көрсете алма­ған, тек олардың орналасқан жерлері мен қалаларын, мінез-құлық сипаты жөнінде ғана мәліметтерді келтіреді.

Құрама халқының шығу тегі жөнінде М.Терентьев өз еңбегінде: «Қырғыз» (қазақ) халқы 600 жыл бұрын Ангрен аң­­­ғарына төмен түсіп, көшпелі өмір сал­тын тастап, отырықшылыққа көшті. Олар отырықшылықпен айналысып, хутор түрінде емес, тұтас село болып орналас­қан. Біртіндеп өздерінің рулық шежіресін ұмытып, қазір жалпы «құрама» атауын алып отыр. Көріп отырғанымыздай, М.Терен­тьев мұнда құрамалардың пайда болуын қазақтардың отырықшылыққа айналуымен байланыстырады. Қазақтың ертеден келе жатқан ру-тайпалық құры­лы­мымен бірге көшіп-қону, қоныстану үрдісінен айырылып, отырықшылыққа көшуі рулық шежіресінен айырылуына, оты­рықшы жергілікті халықтың мәде­ниетін сіңіруіне әкеліп, басқа этникалық қауым – құрама халқын тудырды деген пікірді айтады. Әрине, қандай да болсын белгілі бір этникалық қауымның қалып­тасуы біршама мерзімді қамтиды.

Құрама халқының шығу тегінің бас­тауын қазақтардан таратып, кейін сарт, өзбектермен араласуы нәтижесінде құра­ма халық атауын алғаны жөнінде жазатын зерттеушілердің бірі А.Макшеев бол­ды. Ол өзінің «Географические, этног­ра­фические и статистические материалы о Туркестанском крае» деген еңбегінде: «Құрамалар Ангрен өзені бойындағы қоныстарды мекен етеді. Құрамалар осыдан жүз жыл бұрын, көшпелі қа­зақ­тың үш жүз руларынан құралған делінеді. Бұл қырғыздар (қазақтар-автор) әбден ке­дейшілікке ұшырап, көші-қонға ешқан­дай мүмкіндігі болмағандықтан сарттарға жақын «қораларда» немесе қала сыртына орнығып, мүмкіндігінше егін салумен айналысады. Олардың сарттармен, мүмкін өзбектермен араласуының нәтижесінде әртекті халықтар пайда болды, соның нәтижесінде оларды «құралған» немесе құрама деп атаған. Соңғы бірігулері жергілікті халықтардың айтуы бойынша 50 жыл бұрын болған. Ташкенттен алынған менің деректерім бойынша құрама халқы келесі қазақ руларынан Тама – Алшын руынан тарайды, Кер­дері, Жағалбайлы Керейт, Телеу, Арғын (Қанжығалы), Дулат (Үйсін) және Бестамғалы (Жалайыр бөлімі) руларынан құралған», – деп көрсетеді. Көріп отыр­ғаны­мыздай, Макшеев те өз еңбегінде құрамалардың арғы тегін қазақтардан таратып, ары қарай олардың өзбектермен араласуынан қалыптасқанын айтады. Ал құрама этникалық қауымының пайда болуы­ның бастамасын Н.Аристов құра­ма­лардың бастауын Ұлы жүз қазақ­тары­мен Ташкентті жоңғарлардың басып алуы­мен байланыстырып, XVIII ғ. бірінші ши­регінің аяғына жатқызады. Ол өзінің ең­бегінде былай дейді: «… 1723 жылы Цеван-Рабтанның шабуылы Ұлы жүз бен Ташкентті өзіне қаратқан соң, қазақтың тек ұлы жүзі ғана емес, басқа да жүздері қалмақтардың қысымынан Ташкент пен Сырдарияның арғы жағындағы елден пана іздейді. Көптеген малынан айырыл­ған кедейлер өздерінің руларының кө­шіне ілесе алмай Шыршық пен Ангренде қалып қояды, осы жерде олар сарттармен өзбектерге қосылып, бірігіп, жайылым жер мен малдың аздығынан егіншілікпен айналысады. Белгілі зерттеуші М.Тыныш­паев өзінің еңбегінде құрамалардың шығу тегі жөнінде былай дейді: «Тарихта қазақ және өзбек деген екі туысқан халық жөнінде айтылады да ал, құрама халқы жөнінде еш жерде айтылмайды. Қазақтар мен өзбектердің арасында жекелей тайпалар: үйсін, қаңлы, жалайыр, арғын, керей, қыпшақ, қоңырат, найман, алшын, т.б. (қазақ) юз, қырқ, минг, кенегес, барлас, дурмен, барин, қатаған (өзбек), ая­ғын­да қазақтың қыпшақ, найман, қоңы­рат, жалайыр тайпаларының жарық­шақ­тары өзбектерде, ал өзбектердің кейбір тай­паларының жарықшақтары қазақ­тарда кездеседі. Түркі және монғол тайпа­ларының негізгілерінің санынан бір жа­ғынан қазақтар, екінші жағынан өз­бек­тер пайда болды, бұл кезеңде де құ­ра­малар айтылмайды» деп көрсетеді. Жалпы, құрама дербес халық, жекелей түркі не монғол тайпасы екендігі негізделмеген. Тіпті, оның құрамындағы тайпалардың негізгі бөлігінің өзі қазақ рулары атауымен аталады. М.Тынышпаев «құрама» сөзін аударғанда құрақ, аралас, қосылған деген мағынаны білдіретіндігін айта келіп, қазақтардың арасында да құралған атаулардан пайда болған рулар жөнінде: «Мәселен кіші жүзден жетіру, жетімдер, қы­рық ру, қырық шата рулары. Құра­ма­ның құрамын қарайтын болсақ, шын­дығында әртүрлі тайпалардың құрағынан (жарықшағынан), әртүрлі рулар мен ұрпақтардан тұратынын көруге болады. Олардың арасында Ұлы жүздің үйсін, дулат, сыйқым, қыбрай рулары (дулат руының ұрпақтары), жалайыр, балғалы (жалайыр ұрпақтары), қаңлы, шаныш­қылы, сіргелі, тутамғалы (сіргелі ұрпақ­тары). Орта жүзден: найман бағаналы (найман руы), арғын қанжығалы (арғын руы), ашамайлы (керей руы). Кіші жүзден: жаппас, шөмекей, табын, тама, жағал­байлы, рамадан, жетіру және бас­қалар бар. Сонымен, құрама қазақтың үш жүзі ру-тайпасынан құралған қазақтар екендігін білдіреді» деп жазады. Шын­ды­ғында, ХХ ғасырдың 90-жылдарында Таш­кент облысы аумағындағы қазақ­тар­мен құра­малар арасынан жиналған да­лалық этнографиялық материалдарда құра­малар арасында осы аталған рулар­дың бар екенін және олардың негізгі бөлігі антропологиялық жағынан да, тілі де өзбектермен салыстырғанда қазақ­тарға көбірек ұқсас екенін байқадық. Бірақ 2019 жылы тамыз айында зерттеу-барлау жұ­мыстарымызда олардың көпшілігі өзде­рін өзбек – жалайырлармыз не өз­бек–телеу, т.с.с. атайды және тілдері де өз­бек тілінен айырмашылығы байқал­май­ды.

Ал енді Ангрен өзені атырабының ста­тистика мен экономикасы жөнінде жазылған еңбекте: «Құрама халқы аты ай­тып тұрғандай, әртүрлі ұлттардың қо­сындысынан туған халықтың бір тобы. Мәселен, Ангреннің жоғарғы бойындағы құрамалар тәжіктермен көбірек араласса, өзеннің орта және төменгі ағысы бойын­дағы құрамалар (оның Ибелек – Моғол, Хурдан болыстығындағылар) өздерінің Ақмешіттен келгендігін жадында жақсы сақтаған. Майдантал бойындағы құрама­лар өздерінің тегін қалмақтарға жатқы­зады» деген мәліметтерді кездестіруге бо­лады. Бұл деректен байқағанымыз құра­ма халқының жаңа этникалық қауым ретінде пайда болуы қазақтың көшке ілесе алмай, қалып қойған әртүрлі руларынан ғана емес, басқа да жергілікті өзбек, тәжік халықтарымен араласа ор­наласқандықтан да «құрама» аталуы мүмкін. Себебі осы жылдың тамыз айында біз сөйлескен ақпарат беруші, Ангрен қаласы тұрғыны Абдумалик Раззақов өзі­нің тәжік құрама екендігін айтты. Со­нымен, ХХ ғ. І ширегінде Ташкент облы­сындағы Ангрен өзені бойының басым көпшілік халқын 93,1% құрамалар құ­раған. Қазіргі кезеңде де аталған ау­мақ­тағы халықтың негізгі бөлігін құрамалар құрайды, бірақ олар өздерін бұрын «құра­ма» деп атаса, бүгінде «өзбек-құрамамыз» деп атайды. Құрамалардың этникалық тари­хына байланысты белгілі түркітану­шы В.Радлов та өзінің еңбегінде: «Ташкент пен Ходжент аралығында (1868 ж.) өз­дерін құрама деп атайтын кішігірім та­тар тайпасының отырықшылары мекендейді. Олар бес руға: жалайыр, телеу, тама, жағалбайлы және тарақтыға бө­лінеді. Этникалық қауым ретінде қалып­тасуы өзбектер мен қазақтардың араласуынан пайда болғанға ұқсайды. Қазақтар құрама атауын көптеген әртүрлі тайпалардан құралғандықтан (құра – әртүрлі бөліктен құралу, т.с.с.) атаған дейді.

Құрамалардың шығу тегі, атауы, орна­ласуы мен саны жөніндегі мағлұматтар И.Зарубиннің «Список народностей Туркестанского края» еңбегінде кездеседі. Анг­рен өзені атырабындағы құрама­лар­дың түркі халқы екендігін, оны зерттеудің өзі үлкен қызығушылықты тудыратын­ды­ғына назар аударады. И.Зарубин ең­бегінде: «Құрамалар қазақ және өзбек руларының тек қан жағынан ғана емес, көп жағдайда әлеуметтік өзара араласуы сияқты, басқа тайпалық элементтермен де қосылуының жемісі. Құрамалардың этникалық топ ретінде пайда болуы XVIII ғасырдың І жартысына жатады. Қазіргі кезеңде этнографиялық көзқарас тұр­ғысынан алғанда құрамалар қазақтармен басқа да отырықшы түркі халықтармен араласуы нәтижесінде қалыптасқан аралық топ. Кей жағдайларда құрамалар қазақтарға жақын (киіз үйді пайдалануы, әйелдердің бетінің ашық болуы), енді бір жағдайларда сарттарға жақын болып келеді. В.Радлов және басқа өткен ға­сырдың зерттеушілері белгілі құрама ру­ларын көрсетіп берді. Бірақ қазіргі кезеңде көп жерлерде рулық бөлініс жо­ғалған, кей жерлерде белгілі руға жата­тынын сезінетіндер бар (мысалы, юздерде), бірақ бұл олардың ру ішінде некеге отыруына кедергі болмайды, бұл жағдай қазақтар арасында жоқ. Құрамаларда ұлттық сана аса байқалмайды. Олардың арасында «құрама» атауынан қашатындар бар немесе оны екінші атау ретінде атайды. Сондықтан Наманган уезінің Бабадархан болыстығының 3 елді мекеніндегі 500 адам, Телеу қонысының құрамадан шық­қан ұрпақтары өздерін өзбекпіз, түрік­піз тіпті тәжікпіз деп атайды. Сон­дықтан да қырғыз (қазақ)-құрама, сарт-құрама, юз, өзбек-юз деген атаулар осымен түсіндіріледі. Мұндай жағдайда құра­малардың саны мен орнын анықтау қиын­дау», – деп мәлімдейді.

Құрамалар Аблық және Бөкеде онан кейін Телеу, Қанжығалы, Карис, ең соңын­да Пскент болыстығында 64,5 % дейін мекендейді. В.Радлов та Ташкент пен Ходжент аралығында өздерін құрама деп атайтын, өте үлкен емес отырықшы татар тайпалары өмір сүреді. Олар: Жалайыр, Телеу, Тама, Жағалбайлы және Тарақ­ты деп аталатын бес рудан тұрады.

Орыс отаршылары 1864 жылы Таш­кент­ті алған соң, отарланған аумақтағы халықтың санын білу мақсатында, алғаш рет орыстың Ұйымдастыру комитеті санақ жүргізеді. 1868 жылы осы комитет­тің жүргізген санағындағы деректерге қарағанда, Құрама уезіндегі (1886 ж. бас­тап Ташкент уезі болып қайта аталды) үш атырапқа: Тойтөбе, Ангрен, Шыршық­қа біріктірілген халықтардың санына қара­ғанда құрамалар аумақта сан жағынан екін­ші орынды құрайтын халықтың бірі бол­ған. Мәселен, уезде қазақтар – 144 970 бол­са, құрамалар – 77 301, өзбектер – 34 636, тәжіктер – 11 634 адамды құраған.

Н.Аристов еңбегінде де 1868 жылы ал­ғашқы санақ мәліметінде Ангрен аты­рабындағы құрамалардың үй саны – 11 043, адам саны – 77 301 екенін көрсетеді. Бұл мәліметте де жоғарыда келтірілген Терентьевтің сандық көрсеткішін нақтылайды. Л.Костенконың еңбегінде 1868 жылы құрамалар 27 631 қожалықты құраса, 1877 жылы 31 330 қожалықты құ­рап, 13%-ға өскенін көрсетеді. Сонда, қо­жалықтағы әр отбасында орташа есеппен 5 адам деп есептесек 156 650 адамдай бо­лады. И. Зарубин, Ташкент уезінен бас­қа Ходжент уезінің Орал болыс­ты­ғында 9 330 адам құрама есепке алын­ған­дығын, жалпы құрамалар 1917 жылы 52 335 адам, 1920 жылы 49 697 адам бол­ған­дығын көрсетеді. Көріп отырғанымыздай, ХХ ғасырдың басындағы әртүрлі ағым­дық және 1920 жылғы Бүкілресейлік са­нақтарда олардың саны үш есеге жуық түсіп кеткен. Егер санақ мәліметтері бойын­ша 1868 жылғы санақ мәліметтерін 1917, 1920 жж. санақтармен салыстыратын болсақ, бұл жерде құрамалар 77 301 (1868 ж.) болса, 1920 ж. 49697 адам яғни 27 мың шамасында азайып отырғанын көруге болады.  Дегенмен осы кезеңдерде де Ташкент уезі халқының 45,8% қазақтар құраса, 26,6% (91 632) өзбектер, 15,3% (52 808) құрамалар т.с.с. ха­лықтар құраған. (Статистико –экономический очерк долины р.Ангрена, 1923:7.). Сөзімізді ары қарай дәлелдей оты­рып, мына еңбектегі мәліметтерді кел­тірейік: «Құрамалар барлық қыр­ғыздардың (қазақ) үш жүзі өкілдерімен, өзбектермен және мүмкін тәжіктермен де араласып, Ташкент уезінің оңтүстік шығыс бөлігіндегі Ангрен атырабына орналасқан. Тіркелген 49 700 адамның (әйел-еркегі бірге және Республиканың 1,1% халқын құрайды) барлығы дерлік тек ауылды жерлерде мекендейді». Бұ­лардың азаюын олардың кейбір бөлігінің өз­бек ұлтына жазылып кетуімен байла­ныстыруға болады.

Жоғарыда талданған еңбектердегі мә­ліметтерге келетін болсақ, оның ішінде Аристовтың, Терентьевтің т.б. еңбек­терінен байқағанымыз құрама халқының құрамын сонау жоңғар шапқыншылығы кезінде барып, кейін көшке ілесе алмай қалған қазақтың үш жүзі өкілдері құрады десек, сонымен қатар өзбек, тәжік, т.б. түркі халықтарынан құралған құрамалар­дың да болғандығын жоққа шығармай­мыз. Дегенмен де, ХХ ғ. 80-90-жылдары Ахан­гаран ауданында отырған құрама­лардың қазақтарға ұқсастығы көбірек байқалатын. Себебі менің сол кезеңдерде жүргізілген зерттеулерімде, далалық этнографиялық материалдарды жинау әдісіндегі бақылауымда да олардың тұрмыс салты, тілі, антропологиялық бі­тімі өзбек, тәжік халықтарына қарағанда қазақтарға өте ұқсас болатын. Ауыл ақ­сақалдарының әңгімелеріне қарағанда, әсіресе ХХ ғ. 60-70-жылдарына дейін құра­малардың тіліндегі қазақтарға ұқсас­тық жақсы сақталған. Енді бір зерттеулерде құрамалар қазақ және өзбек халық­тарының неке араласу нәтижесінде қа­лыптасқандығы жөнінде айтылады. Сон­дықтан олардың қай кезеңде пайда бол­ғандығын дәл айта қою қиынырақ.

Сондықтан мақалада қарастырылып отырған құрама халқы да бір кездері қа­зақтың құрамындағы ру-тайпалардың жиын­тығынан (кейбір деректерде әр­түрлі ұлт өкілдерінен) қалыптасып, тарихи себептерге байланысты құрама атауы­мен субэтносты құрады десек, бү­гінде олардың барлығы дерлік өздерін өзбектің ішіндегі құрама – жалайыр, құрама-телеу, құрама-өзбек, құрама-тәжікпін деп те атайды. Сондай-ақ кейбір зерттеулерде және өзіміз ел арасынан жи­наған далалық этнографиялық материалдарда ақпарат берушілер құрама халқы тек қазақ халқының ру-тайпалық құрамынан ғана құралмағандығын, басқа да тәжік, өзбек т.с.с. халықтардан құрал­ған құрама тобы бар екендігін айтады.

Сонымен құрамалар жөнінде арнайы зерттеу жұмысын жазған Файзиевтің сөзімен айтқанда Аханғаран құрамалары тарихи түрде қалыптасқан өзіне тән этникалық топтың бір түрі ретінде өзіндік әдет-ғұрыптары бар. Алайда жедел урбанизациялану нәтижесі ұлттық-жергілікті (психикалық және жергілікті) этникалық дәстүрлердің ұмытылуына себеп болды. Қорыта айтқанда, құрама халқы Өзбекстан Республикасының 1926 жылғы санағында республика халқының біршамасын құрағанмен, 1930 жылдардан басталған есептерде көп көрініс бермейді. Сондай-ақ 80-жылдарына дейін өзін құрамамыз деп келген халық бүгінде өздерін тек құрама-өзбекпіз, құрама-тәжікпіз деу кездеседі, бірақ халық ара­сын­да құрама-қазақтар да болған деген әңгімені естуге болады.

 

Бибизия Қалшабаева,

т.ғ.д., профессор м.а.

әл-Фараби атындағы

Қазақ ұлттық университеті

Редакция таңдауы

Қазақ каскадерлері «Taurus» сыйлығына ие болды

Қазақстандық каскадерлер тобы Әлемдік каскадерлер академиясының (АҚШ) «Taurus» сыйлығына ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл әлемдегі каскадерлердің ең беделді кәсіби сыйлығы, оны біздің «Қазақфильм»...

Қазақтың «қазақ» атын қайтарған қайраткер

Түпқарағанда патша заманында Николаев стансасы деп аталған елді мекенге Кеңес үкіметі басшылығы халыққа ешқандай еңбегі сіңбеген Алексей Егорович Баутиннің есімін берген. А.Баутин кедей, кәдімгі...

Орысшада – көп, қазақшада – біреу-ақ

Парламенттің қос палаталарының қа­тысуымен – С участием обеих палат Пар­ламента. Бұл – қазіргі қазақ тіліндегі ең жиі кез­десетін, орыс тілінің ықпалымен туын­даған қателердің бірі. Сан...

Мәслихат мандатын алған қандастардың қарасы көп

Естеріңізде болса, былтыр дәл осы қаңтар айында «Nur Otan» партиясының жиынында cөйлеген сөзінде Елбасы Н.Назарбаев: «Келесі сайлауда жергілікті мәслихаттарға қандастарымызды көптеп тарту керек» деген...
burkitbaev

Жандос Бүркітбаев вице-министр қызметіне тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Жандос Қонысұлы Бүркітбаев Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне...
001 1

Елбасы Алтай Көлгіновті қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады. Бұл жөнінде Елбасының...
Карантин

Тоқаев Алексей Цойға карантин жағдайын қатаң бақылауды тапсырды

Президент  Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі...

Жаңалықтар

Қазақ каскадерлері «Taurus» сыйлығына ие болды

Қазақстандық каскадерлер тобы Әлемдік каскадерлер академиясының (АҚШ) «Taurus» сыйлығына ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл әлемдегі каскадерлердің ең беделді кәсіби сыйлығы, оны біздің «Қазақфильм»...

Жандос Бүркітбаев вице-министр қызметіне тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Жандос Қонысұлы Бүркітбаев Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл жөнінде Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Жандос Бүркітбаев 1971 жылы Жамбыл облысында...

Елбасы Алтай Көлгіновті қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады. Бұл жөнінде Елбасының баспасөз қызметі хабарлады. Кездесуде елорда әкімі Елбасыға қала құрылысындағы алдағы жоспарлар мен саниталық...

Тоқаев Алексей Цойға карантин жағдайын қатаң бақылауды тапсырды

Президент  Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавирус індетіне қарсы күрес бойынша Қазақстанда қабылданып жатқан шаралар жөнінде...

Зинедин Зидан коронавирус жұқтырды

«Реал Мадрид» испан футбол клубының жаттықтырушысы Зинедин Зиданның коронавирус инфекциясына жасалған тесті оң нәтиже көрсетті. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады. Зидан 2019 жылы...

Әлия Назарбаева: Барлығына бірдей көмектесе алмаймын

Әлия Назарбаева Instagram-ға көмек сұрап, өтініш білдіріп жазатын адамдар туралы айтты. Құрметті жазылушыларым мен оқырмандарым! ⠀ Маған күнделікті көптеген адам көмек сұрап жазады! ⠀ Өзімнің көзқарасымды нақты айқындағым келеді:...

Зейнетақы жинағы ең көп өңірлер аталды

«Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова тұрғындарының зейнетақы жинағы ең көп 4 өңірді атады. «658 млрд теңге! Алматы қаласындағы салымшылар (зейнетақының бір бөлігін...

Қырғыз Республикасының жаңа президенті салтанатты ұлықтау рәсімінен бас тартты

Қырғыз Республикасының жаңа президенті Садыр Жапаров ұлықтау рәсімі кезіндегі арнайы кортеж бен банкеттен бас тартты. Садыр Жапаров бұл туралы өз көзқарасын Қырғызстан президентінің ресми...

Индонезиядағы Boeing 737 ұшағының апатқа ұшырау себебі анықталды

9 қаңтарда апатқа ұшыраған индонезиялық Sriwijaya Air авиакомпаниясының жолаушылар ұшағы қозғалтқышты басқару жүйесінің бұзылуына байланысты құлауы мүмкін. Бұған Boeing 737-нің қара жәшіктерінің бірінен алынған...

Этникалық қазақтар қандас мәртебесін сирек ала бастаған

2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға қоныс аударған 13 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. Бұл 2019 жылға қарағанда 4 мың адамға аз, деп хабарлайды...

Мақтааралдықтар көктемгі егіс жұмыстарын бастап кетті

Мақтаарал ауданының шаруалары қаңтардың қақ ортасында диқаншылықты бастап жіберді, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Ерте өнім беретін қырыққабат дақылын егу науқанына қазірдің...

Еліміздің бірқатар өңірінде жол жабылады

Ауа райының қолайсыздығына байланысты (қар, боран) барлық автокөлік түрлері үшін республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бірқатарына уақытша шектеу қойылды, деп хабарлады «Қазақавтожол». Алматы –...

Зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдайтын сайттың аты жарияланды

«Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдайтын сайттың атын жария етті. «Сайттың атын алғаш рет жария етейін. Ол -...

Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет: Нидерландыда коменданттық сағат енгізіледі

Нидерланды парламенті елдің уақытша үкіметінің коронавирустық пандемия жағдайында мемлекет аумағында коменданттық сағат енгізу туралы ұсынысын көпшілік дауыспен қолдады. Бұл туралы заң шығарушы органның сайтына...

«Nur Otan»: Азаматтарды қабылдау қайта жанданды

Мұқтаж жандарға көмек көрсету алматылық нұротандықтардың басты назарында. Биылғы жылы қаланың мемлекеттік мекемелері басшыларының азаматтарды қабылдауы қайта басталды. Бұған дейін ол Парламент Мәжілісі мен...

«Сергек» көмекке келеді: Енді алимент төлемегендерді жазалау оңайға түспек

Биылдан бастап алимент төлеуден жалтарып жүргендерді анықтауға «Сергек» жүйесі қолданылады. Бұл туралы ҚР Әділет вице-министрі Алмат Мадалиев мәлімдеді. «Биыл бұл жұмыстарды жандандыра түсетін екі жайт...

«100 млн доллар сыйақы беремін»: Илон Маск бірегей технология үшін байқау жариялады

SpaceX компаниясының негізін қалаушы Илон Маск көмірқышқыл газын ұстап қалудың ең тиімді технологиясын ойлап тапқан адамға 100 миллион доллар төлеуге уәде берді. "Мен көмірқышқыл газын...

Ақтөбеде мүгедек қарияларды көсеумен ұрып, бар ақшаларын алып кеткен күдікті ұсталды

Ақтөбе полициясы қарақшылық жасаған күдіктіні ұстады. Ол үй иелерін ұрып-соғып, қолда бар ақшасын алып кеткен. Полицияға белгісіз біреудің терезе арқылы кіріп, отбасы мүшелерін көсеумен ұрып...

Президент ресейлік «Спутник V» вакцинасын салдырды

Аргентина президенті Альберто Фернандес коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасын салдырды, деп хабарлайды Интерфакс. Мемлекет басшысының вакцина алу кезіндегі суреттері жергілікті басылымдарда жарияланды. Бұған дейін...

Аида Балаева: Президент қол қоймаған кез келген заң жобасы тиісті өзгерістерге құқылы

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Алматы қаласында «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасын талқылауға қатысты жиында аталған құжаттың мақсат-міндеттерін түсіндірді.  «Қоғамдық бақылау туралы» заң...

«Nur Otan» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры тағайындалды

«Nur Otan» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры болып Мәдина Нұрғалиева тағайындалды. Партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жаңа басшылық алдына бірқатар маңызды міндеттер қойды. Соның...

Қазақстандық депутаттардың қанша жалақы алатыны белгілі болды

Еліміздегі депутаттардың айлығы 550 мыңнан басталады. Еңбек өтіліне қарай 800 мың теңгеге дейін жалақы алатындары да бар, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы. Телеарна таратқан...

Зейнетақы жинағын пайдалану: ертең өтінім беретін онлайн-платформа іске қосылады

«Отбасы банк» 23 қаңтарда зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану үшін өтінім беруге болатын онлайн-платформаны іске қосады. «Отбасы банктың» хабарлауынша, бүгінге дейін банкте арнайы 57 мың...

Ақтөбе облысындағы кеніште болған қайғылы оқиғаның себебін атады

Ақтөбе облысының Хромтау ауданындағы «Весенне – Аралчинский» жерасты кенішіндегі қайғылы оқиғаның себеп-салдары белгілі болды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қайғылы оқиға 2020...

Қазақтың «қазақ» атын қайтарған қайраткер

Түпқарағанда патша заманында Николаев стансасы деп аталған елді мекенге Кеңес үкіметі басшылығы халыққа ешқандай еңбегі сіңбеген Алексей Егорович Баутиннің есімін берген. А.Баутин кедей, кәдімгі...

Жағдайың қалай, Жаңатас?

Кеңес Одағы кезінде Мәскеудің тікелей қамқорлығында болып, қарқынды дамыған Жамбыл облысындағы Жаңатас қаласының  тоқсаныншы жылдары терең тоқырауды бастан өткергені белгілі.  Экономикалық байланыстардың үзілуінен фосфор...

Орысшада – көп, қазақшада – біреу-ақ

Парламенттің қос палаталарының қа­тысуымен – С участием обеих палат Пар­ламента. Бұл – қазіргі қазақ тіліндегі ең жиі кез­десетін, орыс тілінің ықпалымен туын­даған қателердің бірі. Сан...

«Бірінші байлық денсаулық екенін есте ұстайықшы!». Мейрамбек Бесбаев денсаулығына алаңдаған жұртқа алғыс айтты

Коронавирус індетіне шалдығып, ауыр халде ауруханаға жеткізілген танымал әнші Мейрамбек Бесбаев өзінің денсаулығына алаңдаған туған-туыс, барша жұртқа алғыс айтты. «Ең әуелі еміме шипа беріп, ел қатарына...

Әсел Робертс АҚШ президенті протоколының басшысы міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды

Қазақстан тумасы Әсел Робертс АҚШ президенті протоколының басшысы міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми сайты. «Әсел Робертс 2021 жылғы 20 қаңтардан...

Алдағы үш күнде еліміздің солтүстігінде -40 градусқа дейін аяз түседі

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге жасалған ауа райы болжамын жариялады. «Салехард аудандарынан суық антициклон Қазақстанның ауа райына әсер етеді. Жауын-шашынның тоқтатылуы және ауа температурасының төмендеуі...

Мәслихат мандатын алған қандастардың қарасы көп

Естеріңізде болса, былтыр дәл осы қаңтар айында «Nur Otan» партиясының жиынында cөйлеген сөзінде Елбасы Н.Назарбаев: «Келесі сайлауда жергілікті мәслихаттарға қандастарымызды көптеп тарту керек» деген...

Популизм – жастарды ұшпаққа шығаратын жол емес

Тәуелсіздік алғаннан кейін-ақ жастар сая­сатына ерекше көңіл бөліне бастады. Бар­лық облыста, қала мен аудандарда, елді мекендерде Жастар ісі жөніндегі комитеттер құ­рыл­ды. Ал қазір жастар...

Ералы Тоғжанов Қордайдағы вакцина шығаратын зауыттың құрылысымен танысты

ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация Жамбыл облысының Қордай ауданына барды, – деп хабарлады primeminister.kz. Жұмыс сапары барысында вице-премьер Гвардейский ауылындағы биологиялық...

Таразда түрмеге жолданған тіс жуатын пастаның ішінен есірткі табылды

Тараз қаласында түрмедегі азаматқа жолданған сәлемдемеден күдікті зат табылды. Оқиға Тараздағы ЖД-158/7 мекемесінде орын алды. Ерекше режимдегі мекеменің ережесін бұзғандар сәлемдеме жолдау арқылы жымысқы ойын...

Елімізде өткен тәулікте 1430 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте 1430 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 231 Алматы қаласы - 130 Шымкент қаласы - 14 ...

Карантин: Теңіз кенішінде шектеу шараларының мерзімі ұзартылды

Атырау облысы Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, Теңіз кенішінде карантиндік шектеу шараларының мерзімі ұзартылды. «Теңіз кен орнында карантиндік және шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға...

Зейнетақы жинағын баспана үшін пайдалану ережелері жарияланды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалану ережелерін жариялады. 21 қаңтар күні бекітілген құжаттың толық мәтіні zan.gov.kz сайтында...

Жел, бұрқасын, көктайғақ: бүгін республиканың басым бөлігінде қар жауады – Қазгидромет

22 қаңтар күні республиканың басым бөлігінде қар және қар аралас жаңбыр жауады, кей жерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, екпінді жел сақталады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыста желдің...

ҚОҒАМҒА ӨЗ ПІКІРІ ЖОҚТАР ҚАУІПТІ…

Бір қарағанда бір адамның екінші адамнан өзге­ше­лігі жоқ. Яғни біреуінде не болса, екін­ші­сін­де де сол бар: көретін көз, еститін құлақ, дәм се­­­зетін тіл деген...

Қазақ әдебиетінде ілгерілеушілік те, іркіліс те бар

Әдебиеттің қоғамдағы рөлі ерекше. Ол әрдайым заман өзгерістерін ұғындырып, адам санасын тәрбиелеп отырады. Ұлттық ақыл-ойдың азат­тық алғанына 30 жылдан асқанда осы кезең ішінде сөз...

Андрей Аршавин: Жуырда қазақстандық клуб құрамында ойнау туралы ұсыныс келіп түсті

Санкт-петербургтік «Зенит», лондондық «Арсенал» және алматылық «Қайрат» клубтарының құрамында өнер көрсеткен ресейлік футболшы Андрей Аршавин жуырда қазақстандық бір клуб басшылығы хабарласып, команда сапында ойнау...

Қандастар биыл ҰБТ-ны онлайн тапсыра ала ма?

«Отандастар қоры» жобалар координаторы Дидар Болат және жоғарғы оқу орындарындағы дайындық бөлімдері жетекшілерінің қатысуымен онлайн жиын өтті. Жиында шетелдегі этникалық қазақ жастарының қазіргі пандемия жағдайына...

Nur Otan фракциясының депутаты тұрмыстық зорлыққа қарсы заң жобасын пысықтауды ұсынды

Парламент Мәжілісіндегі Nur Otan фракциясының мүшесі, палатаның Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Жәмилә Нұрманбетова «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңына жоспарланып отырған өзгерістер жайында хабарлады....

Ғабидолла Әбдірахымов ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ғабидолла Әбдірахымов ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды. Ғабидолла Рахметоллаұлы еңбек жолын 1996 жылы...

Халықтың алдында жауапкершілікті мойындаған іс болды

Бүгін Моңғолияның премьер-министрі Ухнаагийн Хурэлсух өзінің отставкаға кететіні туралы ресми түрде мәлімдеді.  Бұл оқиғаға Моңғолияда тұратын белгілі ақын қандасымыз Байыт Қабанұлы былай деп баға берді: «Монғолияның...

Ыстанбұлдағы алаң Абай есімімен аталатын болды

Түркияның Ыстанбұл қаласындағы алаңға Абайдың есімі берілді, деп хабарлайды Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі. «Ұлы қазақ ақыны Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Ыстанбұл мәслихатының шешімімен қаладағы қазақ...

Моңғолия Үкіметі отставкаға кететінін мәлімдеді

Бүгін Моңғолияның премьер-министрі Ухнаагийн Хурэлсух өзінің отставкаға кететіні туралы ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды МОНЦАМЭ агенттігі. Оған себеп: екі күн бұрын жаңа босанған әйелді орталық...

Ауыстырып үлгеріңіз!: 1 ақпаннан бастап қандай банкноттар қабылданбайтыны белгілі болды

Ұлттық банк 1 ақпаннан бастап 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды қабылдау және ауыстыру мерзімі аяқталатынын хабарлады.  «2021 жылдың 1 ақпанынан...

Президент шулы заңға қатысты пікір білдірді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда қызу талқыланып жатқан «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасына қатысты пікір білдірді. «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы...

Ұлыбританияда жоғалған әмиян Түркиядан табылды

Ұлыбританияның Эссекс округінің тұрғынына оның заттарын қоқыстан тауып алған түркиялық жігіт жазған. Қыз үшін жоғалтқан заттарының өз үйінен мыңдаған шақырым жерге қалай тап болғаны...

Канада Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істейтін қазақ қызы: Ұлымның Қазақстан намысын қорғағанын қалаймын

Жуырда қазақстандық спорт порталдарының біріне сұхбат берген 17 жастағы Марк Уэбб есімді канадалық хоккейші Алматыда дүниеге келгенін, алдағы уақытта хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасында өнер...

Әлия Назарбаева қазақстандық мұғалімдерге көмектеспек

Әлия Назарбаева биыл "Қазақстан мұғалімі" жобасын кеңейту арқылы отандық педагогтарды қолдау ниеті туралы хабарлады.  "Біз жобаны кеңейтіп, оны білім беру жүйесіндегі адами капиталын дамытуға бағыттағымыз...

Ақын Маралтай Райымбекұлы Президент пен министрге жыр оқу эстафетасын жолдады

Белгілі ақын Маралтай Райымбекұлы Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына байланысты ақиық ақынның «Күн бүгін күңіреніп…» өлеңін оқып,  ары қарай жалғастыру үшін жыр оқу эстафетасын...

Блогер Азамат Сәрсенбаев Қаракөлге қонған аққу мен үйректер тобын түсірді (видео)

Қоқиқаздарды видеоға түсірген  ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев жаңа ролик жариялады. Бұл жолы видеограф Қаракөл көліне қонған аққу мен үйректер тобын түсірді, – деп хабарлайды...

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс режимі өзгерді

Қазақстанның кейбір өңірлерінде коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды қатаң түрде тек алдын ала жасалған бронь негізінде қабылдайды, деп хабарлады...

Дәулет Кәрібек жаңа қызметке тағайындалды

Бүгін Саяси кеңес Бюросының ұсынуымен Дәулет Кәрібек Нұр-Сұлтан қаласындағы партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы елорда әкімдігінің сайты хабарлады.  2009-2010 жылдары елорданың...

Президент ұшағымен соңғы рейс: Мелания Трамптың сапарға киген көйлегінің бағасы анықталды

АҚШ-тың бұрынғы басшысы Дональд Трамп пен оның әйелі Мелания президенттік жұп ретінде Air Force One лайнерінде соңғы рейс жасады. Елдің бұрынғы бірінші ханымының рейс...

Мамин Түркістанда өтетін Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің саммитіне дайындықты пысықтады

Үкімет басшысы Асқар Мамин жұмыс сапары аясында Түркістан қаласының инфрақұрылымдық нысандарының құрылыс барысын тексерді, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі. Үкімет басшысы инвестициялық жобалардың...

«Nur Otan»-ның аймақтық филиалдарында бірқатар кадрлық тағайындаулар болды

«Nur Otan»-ның аймақтық филиалдары басшылығында бірқатар кадрлық жаңартулар жүргізілді. Орталық аппараттың баспасөз қызметі хабарлағандай, жаңа тағайындаулар «Nur Otan»-ның сайлауалды уәделерін тиімді жүзеге асыруға қатысты...

23 жолаушысы бар автобус кинотеатр ғимаратына соғылды

Мәскеу маңындағы Электросталь қаласында рейстік автобус "Современник" кинотеатрының ғимаратына соғылды. Төтенше жағдай салдарынан кем дегенде 10 адам жарақат алды. Бұл туралы Ресей ІІМ Мәскеу...

Таразда 10 адамнан тұратын қылмыстық топ 11 жыл бойы миллиардтап қаржы жымқырған (видео)

Тараз қаласында ұсталған қылмыстық топ мемлекетке 10 миллиард теңге залал келтірген. Бұл туралы қаржы мониторингі комитеті хабарлады.  Ресми мәліметке сәйкес, Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу...

Дағдарыс елесі: 2021 жылға экономикалық болжам

Өткен жыл адамзатқа оңайға соқ­­пады. Коронавирус пен ал­қым­­нан алған дағдарыс әлем­нің ал­дыңғы қатарлы дамыған мемле­кет­терінің де шаруасын шатқаяқтатты. Пан­демия ке­сірінен елдер шекарасын қым­тап, көрші...

Ақтөбедегі 4 кеншінің өлімі: Комиссия тексеру қорытындысын шығарды

Ақтөбе облысында «Весенняя Аралчинская» шахтасындағы жарылыс салдарынан 4 кенші қаза тапқан болатын. Бүгін тексеру қорытындысы шығарылды. 2020 жылдың 30 желтоқсаны күні сағат 21:21-де Хромтау ауданы...

Қостанай облысында 46 жастағы әйел мал ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты басқарған

Қостанай облысында 46 жастағы әйел мал ұрлығымен айналысқан тонаушылар тобын басқарған.  Tengrinews.kz дерегінше, Қостанай облысының Әулиекөл ауданында Новонежин ауылының 46 жастағы тұрғыны бастаған топ мал ұрлығы...

Алматыда ағаш қоймасы өртенді

Алматыда ағаш қоймасынан шыққан өрт сөндірілді. Төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне Жетісу ауданы Қазыбаев көшесінеде өрт болып жатқаны туралы хабар бүгін сағат 08:18 минутта түскен....

«Мәдениет министрлігінің араласуынсыз». «Болашақ» 10 жылдан бері фильмдерді қазақ тіліне дубляждауды жалғастыруда

Елордада «Nur Otan» партиясының қолдауымен Disney/Pixar студиясының «Жан» анимациялық фильмінің алдын ала көрсетілімі өтті. Бұл - «Болашақ» қоры мен «Меломан» компаниясының бастамасымен «Өзіңнен баста»...

Спорт академиясы президентінің кабинетіндегі қар барысының терілерін полиция тексеруде

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері Спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьяновтың кабинетінде түсірілген қар барысының терілерін зерттеді. Енді бұл суретті Алматы полициясы...

Қоғам нені қастер тұтса, құндылық сол

Әр дәуір келген сайын онымен ере келетін түрлі қиындықтар адамдардың білім-білігін, қабілеті мен рухани төзімділігін сынға салып, болып жатқан жағдайларға қоғамдық көзқарас қалыптас­ты­рары анық....

Азат ПЕРУАШЕВ: Жастарды қазірден бастап шыңдамасақ, тәжірибелі мамандар қайдан шығады?

– Жаңа Парламент едәуір жаңар­­­­ды, жасарды. Жас­тар мен әйелдерге берілген 30 пайыз­дық квотаға қатысты түрлі сын естіп жатырмыз. Бір жағынан, жас­тарды қазірден бастап тәр­бие­лемесек,...

«Ұйғыр әйелдері бала туатын машина емес»: Twitter Қытай елшілігінің парақшасын бұғаттады

Twitter Қытайдың АҚШ-тағы елшілігінің ұйғырлар туралы жазбасынан кейін ресми парақшасын бұғаттады, – деп жазды Bloomberg агенттігі. Жазбада елшілік Бейжіңнің Шыңжаңдағы саясатын қорғап, бұл аймақта ұйғыр...

Ерлан САЙЫРОВ: Халықтың әлеуметтік сұраныстарына басымдық береміз

– Президенттің Парламентке бер­ген тапсырмаларының барлығы «Nur Otan» партиясының сай­лауалды бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған. Жақын арада осы мақсатта жол картасы әзірлен­бек. Жол картасында партия...

Мәжіліс мінез таныта ала ма?

Өз миссиясын аяқтаған алтыншы шақырылымдағы Парламент 5 жылда 410 заң қабылдапты. Сол уақыт ара­лы­ғында халық қалаулылары өздерінің заңға баста­машылық ету құқығын толық пайдаланып, 60-қа...

Джо Байден Дональд Трамптың көптеген шешімінің күшін жойды

Джо Байден Президент лауазымына кіріскен алғашқы күні-ақ өзіне дейін Мемлекет басшысы болған Дональд Трамптың бірқатар шешімін жоятын Жарлықтар топтамасына қол қойды. ҚазАқпараттың «Голос Америки» жаңалықтар...

Мәди Манатбек «Астана» радиосының директоры болып тағайындалды

Бүгін «Қазақ радиолары» ЖШС бас директоры Ернұр Бурахан «Астана» радиосы ұжымы алдында жаңа директор Мәди Манатбекті таныстырды, – деп хабарлады qazradio.fm. Мәди Манатбек –...

«Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған қазақстандық қайтыс болды»: министрлік түсіндірді

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцина салдырған қазақстандық қайтыс болды деген хабарламаға пікір білдірді. Желіде тарап жатқан хабарламада Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Батыр ауылының тұрғыны вакцина...

Оралда бес қабатты тұрғын үйдегі өрттен 38 адам эвакуацияланды

БҚО ТЖ департаментінің мәліметінше, оқиға 21 қаңтар күні сағат 00.29-да Мұхит көшесі 134-мекенжайында болған. Осындағы №59 пәтерде жеке заттар мен жиһаз отқа оранды. Құтқарушылар...

2020 жылы 13 мың адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды

2020 жылдың қорытындысы бойынша 13 мың адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1 млн 70,3 мың этникалық қазақ келді,...

Ақтөбеде коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмектер қоймада жоқ болып шықты

«Ақтөбе-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі,  Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мен қоғамдық ұйым өкілдері дәрі-дәрмек қорына арнайы мониторинг жүргізді. Қоймада тиісті тізімдегі 8 дәрі-дәрмек жоқ...

Атырауда медициналық маска 15 теңгеден сатылады

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Диас Жәнібековтің мәліметінше, монополияға қарсы келісім жасалған. «Монополияға қарсы келісім ашық сауда өткізу...

Көлігімен әйелді қағып, мерт қылған полицей қамаққа алынды

Шу қаласында 25 жастағы полиция қызметкері көлігімен әйелді қағып, мерт қылды. Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Шу аудандық полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі,...

Садыр Жапаров Қырғызстан Президенті болып ресми сайланды

Қырғызстанның Сайлау және референдумдар өткізу жөніндегі орталық комиссиясы «ҚР Президентін мерзімінен бұрын сайлаудың нәтижесі туралы» хаттаманы бекітті. Құжатқа сәйкес, Қырғызстанда мерзімінен тыс Президент сайлауы өтті...

Джо Байден қызметіне кірісті: АҚШ президентін ұлықтау рәсімі әдеттегіден қарапайым өтті

АҚШ президенті лауазымына ресми кіріскен Джо Байден мен вице-президент қызметін атқаратын Камала Харрис 20 қаңтар күні инаугурация рәсімінде ант берді. ҚазАқпараттың «Голос Америки» жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап...

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады – Қазгидромет

21 қаңтар күні республиканың басым бөлігінде қар жауады. Елдің оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын күтіледі, жекелеген өңірлерде қар аралас жаңбыр болжанады. Кей жерде тұман, жаяу бұрқасын,...

Трамп Ақ үйден кетті

АҚШ президенті Дональд Трамп пен әйелі Ақ үйдегі кеңсені босатты, деп хабарлайды BBC. Ақ үйдің ауласының ішіндегі көгалға қонған АҚШ Әскери-теңіз күштерінің тікұшағыны көмекшілер қалған...

Кеген ауданында айсберг пайда болды (видео)

Алматы облысы Кеген ауданына қарасты Кеген және Шырғанақ ауылдарының арасында әдемі «айсберг» пайда болды. Таңғажайып көріністі тамашалауға жергілікті тұрғындармен қатар басқа өңірлерден туристер келе...

Қазақстанда 2021 жылғы ҰБТ басталды

Бүгін еліміздің барлық өңірінде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталып, ақпанның 5-іне дейін жалғасады. Еліміз бойынша барлығы 143 тестілеу өткізу пунктінде 1 230 аудитория жұмыс істейді,...

Елімізде ет бағасы қымбаттады

Қазақстанда бір жыл ішінде сиыр, жылқы және  қой етінің бағасысы едәуір қымбаттаған. Кейбір ет түрлерінің бағасы 16 пайызға көтерілген. 2020 жылғы 3 тоқсанда әрбір қазақстандық...

«Uly Dala Jastary» байқауының жеңімпаздары өнер академиясына емтихансыз қабылданды

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында 11-15 қаңтар аралығында онлайн форматта «Uly Dala Jastary» атты III республикалық жас хореографтар байқауы өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін конкурс Т.Жүргенов атындағы Қазақ...

Елімізде 45 мың теңге жалақы алатындар саны – 50 мың адам

Қазақстанда 50 мыңға жуық адам айына 45 мың теңгеге жетпейтін жалақы алады. Бұл туралы atameken.kz хабарлайды. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, мұндай жалақыны Қарағанды және...

Коронавирустан жазылғандарды оңалтуға бөлінетін қаржы 9 есе өсті

Коронавирус пандемиясы оңалтудың қаншалықты маңызды екенін және бұл бастама уақтылы жүзеге асырылғанын көрсетті. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» басқарма төрағасы Болат Төкежанов айтты. «Әлеуметтік...

Коронавирустың симптомсыз түрін жұқтырғандар әлдеқайда қауіпті – маман пікірі

Медицина ғылымдарының докторы, эпидемиолог Сәкен Әміреев COVID-19-дың симптомсыз түріне шалдыққандар коронавируспен ауырғандардан әлдеқайда қауіпті екенін айтады. ҚазАқпараттың жазуынша, дәрігер: «Қазақстанда және көрші елдерде ахуалдың тұрақталғаны...

Ақмола облысында полицейді көлік капотында сүйреген азамат сотталды

Ақмола облысында жол патрульдік полициясының қызметкерін көлік капотында сүйреген 24 жастағы ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Облыстық ПД мәліметінше, 2020 жылдың 14 ақпанында...

Қазақстан тарихы энциклопедиясының үш томы жарыққа шықты

Жақындағы ғана бүкіл Қазақ тарихшы ғалымдарының арманы орындалды. Қазақстан тарихы энциклопедиясының 3 томы жарық көрді. Бұл маңызды басылымдар - Қазақстан тарихының көне дәуірден қазіргі заманға...

Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыстар үшін жаза қатаңдатылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыстар үшін жазаны қатаңдатуды тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Осы орайда ІІМ тарапынан кейбір заңнамалық...

Қостанайда «бомба қойылды» деген үйдің тұрғындары эвакуацияланды

Облыстық полиция департаменті Қостанай қаласында «тұрғын үйге бомба қойылды» деген оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады. «Бүгін шамамен сағат 15:05-те «Оңтүстік» полиция бөлімшесіне Лермонтов көшесіндегі тұрғын...

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 2,1 трлн теңгеге жетті

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандықтар 2020 жылы қанша ақша жинағанын айтты. 2021 жылдың 1 қаңтарында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы салымшыларының шотында 12,9 триллион теңге зейнетақы...

Журналистер тегін құқықтық кеңес алады

М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті және «BAQ KASIPODAQ» арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Салтанатты рәсімге КАЗГЮУ Университетінің Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев және «Бұқаралық...

2020 жылы елімізде ең көп сатылған көліктердің үздік бестігі белгілі болды

2020 жылы Қазақстанда ресми дилерлер 89 мыңнан астам жаңа көлік сатқан. Бұл туралы «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы хабарлады. «Былтыр ресми дилерлер 89 097...

Назар салыңыз: зейнетақы жинағын тексерудің бірнеше әдісі бар

Жыл басталғалы бері азаматтарда зейнетақы жинағын тексеруге, есептеуге және шешіп алуға қатысты сұрақ көп. Осыған орай Бірыңғай зейнетақы жинақтау қоры (БЖЗҚ) зейнетақы жинағы туралы...

Жауапты хатшы институты жойылды: 8 министрліктің хатшысы қызметінен босады

Қазақстанда министрліктердегі жауапты хатшылар институты ресми түрде жойылды, – деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі. 2021 жылғы 18 қаңтарда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев...