Жаңалықтар

Сириядан қайтарылған 14 қазақстандыққа жаза тағайындалды

ашық дереккөзі

Сириядан қайтарылған 14 қазақстандыққа жаза тағайындалды

"Жусан" операциясы бойынша Сириядан қайтқан 14 қазақстандыққа қатысты сот үкімі шықты,  деп  хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Сот Әділхан Шайхисламов үкімді оқыды. Қарашаның 29-ы болған отырыста прокурор он жылдан он жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Сотталушылар тергеу қорытындысы көрсеткендей, барлығы Ислам республикасының бұрынғы қылмыскерлері болып табылады. Он төрт қазақстандыққа террористік іс-әрекетке қатысып, алдап-арбау мен терроризмді насихаттағаны үшін, сондай-ақ, басқа да ауыр қылмыс жасағаны үшін жаза тағайындалды. Абзал Амангельды - 8 жыл орташа қауіпті колонияда; Ермукан Айыпкалиев - 8 жыл орташа қауіпті колонияда; Турлан Абилхаиров - 11 жыл орташа қауіпті колонияда; Жандос Ажмамбетов - 8 жыл орташа қауіпті колонияда; Газинур Бакытжанов - 13 жыл орташа қауіпті колонияда; Аманжол Жансенгиров - 12 жыл орташа қауіпті колонияда; Бахтияр Ибраев - 9 жыл орташа қауіпті колонияда; Нурлан Камалов - 14 жыл орташа қауіпті колонияда; Руслан Куанов - 11 жыл орташа қауіпті колониядаи; Алмас Нарбутин - 8 жыл орташа қауіпті колонияда; Даурен Сабитулы - 11 жыл орташа қауіпті колонияда; Думан Садуакасов - 11 жыл орташа қауіпті колонияда; Данияр Алтаев - 10 жыл орташа қауіпті колонияда; Данабек Тореханов - 9 жыл орташа қауіпті колонияда өтеу туралы үкім шықты. Естеріңізге сала кетейік, сотталушылар "Жусан" операциясының негізінде елге қайтарылған болатын. ҰҚК мемлекеттік органдар мен шет ел серіктестерімен бірлесе отырып 595 қазақстандық, оның ішінде 400 баланы елге жеткізген.