Кір жуғыш машинаға тығылған қытайлық шекарадан заңсыз өтпек болды

11 желтоқсан, 2019 / Анар ЛЕПЕСОВА
ашық дереккөзі
Кір жуғыш машинаға тығылған қытайлық шекарадан заңсыз өтпек болды

 Кір жуғыш машинаға, сандыққа тығылып, АҚШ-қа заңсыз кірмекші болған қытайлықтар ұсталды. 

АҚШ Шекара қызметінің қызметкерлері мемлекет территориясына кіріп кету үшін әртүрлі жиһаздарға тығылған Қытай елінің 11 азаматын ұстады. Бұл туралы ведомствоның Twitter-дегі парақшасында хабарланды. Америкалық шекарашылар Калифорния штаты Сан-Диего қаласына Мексика жақтан келе жатқан фураны тоқтатқан. "Автокөліктің ішінде әртүрлі жиһазға жасырынған 11 қытайлық мигрант табылды. Мигранттар сандыққа, комодқа, тіпті кіржуғыш машинаға жасырынған көрінеді", - делінген хабарламада. Қытайлықтардың ешқайсысы айтарлықтай зардап шекпеген. Фураның жүргізушісі 42 жастағы АҚШ азаматы тұтқындалды.