Марихуананы заңдастырсақ, салдары қандай болмақ?

Марихуананы заңдастырсақ, салдары қандай болмақ?

Марихуананы заңдастырсақ, салдары қандай болмақ?
ашық дереккөзі
Дамыған елдер неге марихуананы заңдастырып жатыр? Жеңіл есірткіге Қазақстанда неліктен тыйым салынған? Қарасораны заңдастыру мәселесін көтеріп жүргендердің не көздегені бар? Ғайыптан тайып рұқсат етілсе, оның экономикалық, әлеуметтік һәм медициналық салдары қандай болмақ?

Былтыр Канада қарасораны өсіру мен сатуды заңдастырды. Еуропада Нидерланд корольдігі де жеңіл есірткіні тұтыну ер­кін­­дігін жолға қойған еді. Ал каннабис өндірісі өркен жай­ған АҚШ-тың кейбір шта­тын­да 300 мыңнан астам жұмыс ор­ны ашылып отырғаны жасы­рын емес. Қара нарықтағы есірт­­кі саудасын ауыздықтап, на­­шақорларды ресми тіркеу­ге де мұндай өзгерістің септі­гі ти­мек. Марихуананы заңдас­ты­ру мәселесін көтеріп жүрген­дер осындай уәждерді алға тар­та­ды. Олардың ойынша, мари­хуанаға рұқсат етілсе, бірін­ші­ден салық түсімі молая­ды, екіншіден туризм саласы түлей­ді, яғни әлемнің әр қиырынан Қа­зақстанды аңсап келетін нашақұмар саяхатшылар кө­бейе­­тін көрінеді.

Жалпы, жеңіл есірткіні қо­ғам­­дық орындарда медици­на­лық емес мақсатта қолдану, есірт­­кіні сату мақсатынсыз да­­йын­дау, өңдеу, сатып алу және сақтау, ірі көлемде тасы­мал­дау сияқты әрекеттерді Қыл­мыс­тық кодекстен Әкімшілік коде­кске көшіру жоспарланған. ІІМ өкілдерінің сөзінше, «дек­ри­ми­на­лизация арнайы бөлім­дер­дің күш-қуатын бұдан да маңызды нәрселерге бағыттауға мүмкіндік береді». Шыны керек, қарасораның пайдасы ұшан-теңіз. Оны шар­уа­шылықта және дәрі-дәрмек өндірісіне шикізат ретінде өсіру әлем­дік тәжірибеде баяғы­дан бар. Әсіресе, каннабис қа­тер­лі ісікке, эпилепсия мен ұмыт­шақ­тық ауруына мың да бір шипа деседі. Алайда психотерапевт Жібек Жолдасова бұл пікірмен ішінара ғана келіседі.

– Шын мәнінде, каннабис ауру­дың белгілерін ғана жоя­ды. Оған қоса ағзаға пато­­гене­ти­ка­лық және патофизио­ло­гиялық әсер беретінін ескеру керек. Соны­мен қатар этиотропты ем­деу бар, онда ауруға себепкер нәр­се жойылып, адам сауығады. Мә­селен, өкпе қабынған кез­де оған инфекцияны өлті­ре­тін антибиотиктер тағайын­да­лады. Ал каннабис сим­­­­­­пто­­матикалық жағынан әре­­­кет етеді. Кан­на­бис­тен жа­сал­­­­ған дәрі-дәрмек ем­деудің өзге де ме­ха­низмдеріне ықпал ете­ді деген тұжырымның нақ­ты дәлелі жоқ, – дейді дәрі­­гер. Сарапшының пайы­мын­­ша, психотроптық зат­­­­тар­ға қы­­зығушылық негізі­­нен жас­өс­пірім шақта оянатын­дық­­тан, кан­на­бисті сатуды қатаң ба­қы­лау қа­жет.

Осындайда дөңгеленген дү­ниеге көз тігетініміз бар ғой. Әлемдегі жағдай әрқилы. Мы­салы, Қытай билігі есірт­кі­нің кез келген түрін сатқан адамды өлім жазасына кессе, Гол­­ландияда марихуана ашық­­­тан-ашық сатылады. 2013 жылы марихуананы то­лық заңдастырған тұңғыш ел – Уругвай. Заң бойынша 18 жасқа толған Уругвай аза­ма­ты дәріханадан айына бір рет 40 грамға дейін есірткі са­тып ала алады. Оған қоса уруг­­вай­лықтарға үйінде алты түп қарасора (480 грамм мари­хуана алынатын көлемде) өсіруге рұқсат етілген. Елдің сол кездегі президенті Хосе Мухика наркобарондардың қалтасын қампайтпай, есірткі саудасынан түскен қаржымен мемлекет қазынасын толтыруды мақсат тұтқан. Бір қызығы, ма­рихуананы қолжетімді қылған соң героин мен кокаинның өтім­ділігі төмендеп, есірткі сату­мен айналысатындар Уруг­вайдан кете бастапты. Сөйтіп, есірткінің астыртын жолмен таралуына тосқауыл қойылған. Ал Канада – «Үлкен жеті­лікке» кіретін елдердің ішінде марихуананы заңдастырған алғашқы мемлекет. Елдің пре­мьер-министрі Джастин Трю­до парламент шешімін құп­тай отырып: «Енді қыл­мыс­­керлер пайдадан қағылады. Бү­гін біз жағдайды өзгерттік» – деп мә­лім­деді. Бұл шешімге қар­сы шық­қандар балалар мен жас­өспірімдер бұдан былай есірт­кіні оңай иеленеді және оның салдарын болжау қиын дейді. Заң бойынша канадалық ма­рихуана сатушы компаниялар кан­набисті жұрттың қалай қол­данатынын қадағалауы тиіс. Сатушылар клиенттеріне есірт­кіні қауіпсіз пайдалану ама­лын, оны балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау жол­дарын үйретеді. Тауарына жар­нама жасамайды. Тіпті дүкен­нің жанынан өтіп бара жатқан адамдар терезеден не сатылып жатқанын көрмейді.

Есірткіні заңдастыру кері нәтиже көрсеткен елдің бірі – Америка Құрама Штаттары. АҚШ-тың марихуананы меди­циналық мақсатта қолда­нуға рұқсат берген штаттарында кан­набистен жасалған дәрі-дәрмекті ішіп алып, көлік жүргізу фактісі көбейген. Бұл үрдіс коммерцияға айналып кеткен. Темекі мен ішімдік өндіретін белгілі компаниялар құрамында каннабисі бар өнім шығаруға мил­лиондап инвестиция құй­ған. Коммерциялық индус­трия тек қаржы табуды көз­деп, бұған ересектерді ғана емес, жасөспірімдерді де тар­ту­ға кіріскен. Есірткі сата­тын дүкендердің саны MacDonald’s пен Starbucks-тің мей­рам­ха­на­ларынан асып түскен. Сон­дық­тан марихуана мә­се­­ле­сінде америкалықтар әлі күнге айтысып-тартысып жатыр.

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі мамандары есірткі сатуды заңдастырған елдердің тәжірибесін зерделеп, оны тиім­сіз әдіс деген қорытындыға ке­ліпті. Мәселен, аталған ма­ри­хуанаға рұқсат еткеннің кесірінен Голландияда қоғамдық өмірден шет қалған тұтас бір буын өсіп келеді екен. Расында да, жезөкшелік пен біржынысты некені заңдастырған елді үлгі етудің қажеті шамалы. Жыл басында ІІМ Есірткі қыл­мысына қарсы іс-қимыл де­пар­таментінің бастығы Тіле­ген Маткенов Қазақстанда есірткі заңдастырылуы мүмкін деген қауесетті үзілді-кесілді жоққа шығарды. Оның айтуын­ша, кез келген нашақор кезінде есірт­кі­нің жеңіл түрінен баста­ған.

– Марихуананы заңдас­тыр­ған мемлекеттердің бәрі басқа проблемамен бетпе-бет келуде, енді оларда героиннің орнын метадон (қанға ине арқылы ен­гізілмей, жұтыла салатын син­тетикалық есірткі) басып бара жатыр. Яғни, белгілі бір есірт­­кіні қабылдап жүр­ген на­ша­қорлар есірткінің ауыр түрін, яғни героинді іздеп, көшеге шығып кеткен. Есірт­кі­нің ауыр түрінен бастап кеткен бірде-бір нашақор жоқ. Бәрі де жеңіл түрін татып көруден басталады, – деді полицей.

Кезінде Алаш арысы Мағжан Жұмабаев «Біз үйренетін Еуропа мен Батыс – бір молда емес, мың молда» деген. Ал атам қазақ «Молданың істегенін істеме, айтқанын істе» дейді. Жаңа заңның бәрі жақсы емес, ескі заңның бәрі жаман емес. Осыны ұмытпайық. aikyn.kz