11 Желтоқсан, 09:03 445 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Отандық ғалымдар итбалықтарды ғарыштан бақылайды

Бұдан былай ғалымдар Каспий теңізіндегі итбалықтардың тыныс-тіршілігі мен миграциялық өрісін ұдайы спутник арқылы бақылап отырады. Бұл үшін балықтарға арнайы микрочип тағылады.

Елімізде саны азайып бара жатқан итбалық Каспий теңізінде ғана кездеседі. Осыған орай ихтиолог-ғалымдар жаңа технологияның көмегімен балықтарды жіті зерттейтін болады. Спутниктік бақылауға арналған микро қондырғы 9 ересек итбалыққа тағылды. Теңіз биоресурсын зерттеуші ғалым Гүлсім Мұтышева: «Итбалықтарға арналған микрочип олардың арқасына немесе басына эпоксид желімінің көмегімен орнатылды. Ол теңіз жануарының денсаулығына еш залал келтірмейді. Сол арқылы біз олардың тіршілігін ғарыштан бақылаймыз. Өрісін анықтаймыз, есебін аламыз», – дейді.

24.kz арнасының хабарында, кейінгі 20 жылда теңіз жануарларының санағы мүлде жүргізілмегені айтылады. Ресейлік ғалымдардың есептеуінше, бүгінде Каспий теңізінде 300 мың бас итбалық бар көрінеді. Оның 100 мыңдайы Қазақстан аумағында тіршілік етеді деген болжам бар.

Соңғы жаңалықтар