10 Желтоқсан, 16:18 399 0 Қауіпсіздік Анар ЛЕПЕСОВА

Браконьерлер айғақты жою үшін қымбат көліктерін өртеп жіберді

Киік атып олжалы боламын деген браконьерлер қымбат көліктерінен айырылды. Ақтөбе облысында заңсыз аң аулағандар айғақ заттан құтылу үшін жол талғамайтын «Toyota Land Cruiser 100» маркалы көліктерін өртеп жіберген, деп хабарлайды "Астана" арнасы. 

«Охотзоопром» мекемесінің қызметкерлері Ақтөбе облысы Шалқар ауданы үстірт маңында рейд жүргізу кезінде күмәнді көлікті байқап қалған. Инспекторлар ізіне түскенде олар қаша жөнелген. Жақындап қалғанда қымбат джипке от қойып, түгін қалдырмай өртеп жіберген. Бірақ кейін өздерінің киік аулағандарын мойындапты. Сараптау кезінде үш киіктің өлексесі мен он алты мүйіз, екі аңшы мылтығы табылған. Қазір Қызылорда облысы Арал ауданы Қосаман ауылының 45 және 46 жастағы екі  тұрғыны үстінен қылмыстық іс қозғалып, екі айға қамауға алынды.

" Жақындаған кезде көліктің ішінде отырған бір жолаушысы ақ канистрді алып, ішіне сұйықтық шашып отырған. «Тоқта, тоқта» деп дауыс бердік терезені ашып айқайладық. Бір кезде от-жалынды көрдік. Сол кезде екеуі екі жағынан секіріп түсті. Ішінде заңсыз аулаған киік барын айтты. Қару барын айтты", - дейді жануарлар дүниесін қорғау инспекторы Мұратбек Жәшібай.

 

Соңғы жаңалықтар