Жаңалықтар

Волонтерлік қызмет еңбек өтіліне қосылуы мүмкін

ашық дереккөзі

Волонтерлік қызмет еңбек өтіліне қосылуы мүмкін

Мұндай ұсынысты Волонтерлер жылының ашылуына орай ұйымдастырылған шарада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.  "Волонтерлік сағаттарды еңбек өтіліне қосу әдістемесін енгізу маңызды. Әсіресе, бұл осы салада тұрақты істейтіндерге қатысты. Менің ойымша, бұл маңызды мәселе", - деді Президент. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы корпоративті волонтерлікті дамыту қажеттігін атап өтті. "Ірі компаниялардың қызметкерлері жұмыс аптасының бірнеше сағатын қоғамға өтеусіз көмек көрсетуге арнай алады деген ойдамын. Мемлекеттік аппарат пен ұлттық компаниялар корпоративті волонтерлікті өздерінен бастай алады", - деді ол. Сонымен қатар, Президент волонтерліктің онлайн платформасын жетілдіруді тапсырды.