10 Желтоқсан 2019, 10:36 707 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Жол апаты 3,4%-ға көбейген

Елімізде биылғы 1 қазанда тіркелген жеңіл автокөліктің саны 3 755 890 болды. Бұл деректі статистика комитеті жариялады.

2019 жылдың қаңтар-қазан айлары аралы­ғында Қазақстанда 646,7 мың жеңіл машина тіркелген, яғни былтырғы жылдың көрсеткішінен 7,2%-ға аз. Бір айта кетерлігі, жаңадан тіркелген көлік саны былтыр­ғыдан аз болғанымен, жол апаты бір жылда 3,4%-ға көбейген. Биыл­ғы тоғыз айда республика бо­йынша 11,5 мың жол-көлік оқи­ғасы тіркеліп, 17 мыңдай адам зардап шеккен.

Автокөлік саны жағынан аймақтар бойынша Алматы об­лысы (588 379) мен Алматы қа­ласы (544 187) көш бастайды. Ең аз көрсеткіш – БҚО (140 362) мен Қы­­зылорда (145 333) және Атырау об­лыс­­тарына (146 157) тиесілі. Ел астана­сы – Нұр-Сұлтан қаласында 293 124 жеңіл көлік жүйткіп жүр.

Көліктің есебі естен жаңыл­дырғандай болғанымен, жылы­на келгенде ауыз тол­тыра айта­т­ын­дай жетістік аз. 3 755 890 жеңіл көліктің 2 485 161-нің тарихы жиырма жылдай болыпты. Он жылдан жиырма жыл аралы­ғын­да мінілгені –

959 263. Сонымен қатар миллионға жуық (918 324) машинаның жасы 3 жыл мен 10 жыл аралығын қамтиды. Шы­ғарыл­ғанына 3 жыл толмаған автокөліктің саны – 176 661.

Ал еліміздегі жеңіл көлік­тердің ішінде ең көп кездесетін марка – ВАЗ/Lada (757 960). Оның өзінің 40%-дан астамы КСРО кезінен бері келе жатқан көліктер, яғни 20 жылдан асқан. Одан кейін қа­зақ­стандық­тарға танымал марка – Toyota (487 453). Сондай-ақ Тәуелсіз­діктің алғашқы 10 жылдығын­да Қазақстанға кіріп үлгерген неміс машиналары – Volkswagen (297 мың), Audi (224 мың) және Mer­cedes-Benz (190 мың) авто­пар­кімізді толтырып тұр.

Жылы жаңа автокөліктің дені еліміз­дің батыс аймағында және мегаполис Нұр-Сұлтан мен Ал­матыда тіркелген. Атырау облы­сындағы жеңіл машиналар­дың 23,6% жүрілгеніне 3 жылдан ас­паған. Дегенмен биылғы көрсет­кіш былтырғы­дан (31,1%) төмен.

Екінші орын Нұр-Сұлтанда, жаңа көліктің үлесі 20,1% (бір жыл бұрын – 25,9%). Үштікті Ба­тыс Қазақстан облысы түйін­дейді: 15% (2018 жылы – 18,1%).

Жаңа көлік саны бойынша ТОП-5-ке Алматы қаласы (14,8%) мен Маңғыстау облысы (13,2%) кіреді. Аймақтар үлесін­де 3 жылдан аспаған жеңіл көлік саны жөнінен ең төменгі көрсет­кіш – Жамбыл (3,5%), Алматы (4,5%) және Шығыс Қазақстан облыстарына (4,9%) тиесілі.

Әрине, нарықтағы жан басы­на шақ­қан­дағы көліктің саны емес, сапасы, яғни шыққан жы­лы маңызды. Жаңа автокөлік бел­гілі бір деңгейде халықтың та­бысы мен экономикалық ахуа­лының көрсеткішін беретіні анық. Бұл тұрғыда Еуропа елде­рінің көрсеткішіне үңіліп көрдік. Ең жаңа автопарк бойынша Люк­сембург мемлекеті алда ке­леді. Ол елде автокөліктің орта­ша жасы – 6 жыл. Одан кейінгі орында Бельгия (7 жыл) мен Дания (8 жыл) тұр.

Жалпы алғанда Еуропаның батысы мен шығысында айтар­лықтай айыр­машы­лық бар. Мә­селен, Украина мен Поль­шада көліктің шыққан жылы бо­йын­ша көрсеткіш Люксембургтен 3 есе жоғары. Шығыс Еуропаның кей­бір мемлекеттері үшін тебілген автокөлік әлі де сұраныста.

aikyn.kz

Соңғы жаңалықтар