АҚШ біріншілігі: Баландин күміс медальға қол жеткізді

АҚШ біріншілігі: Баландин күміс медальға қол жеткізді

АҚШ біріншілігі: Баландин күміс медальға қол жеткізді
ашық дереккөзі
 Атлантада өтіп жатқан АҚШ-тың ашық біріншілігінде қазақстандық жүзуші Дмитрий Баландин күміс медельға қол жеткізді.  Жарыстың алғашқы күні брасс әдісімен 100 метрге жүзуде жерлесіміздің алтын алғаны жайында бұған дейін де қуана хабарлағанбыз. Келесі тәулікте де Баландин өз жанкүйерлерін қуантты. Дәл сол тәсілмен 200 метрлік қашықтыққа малтыған екінші орыннан көрінді. Дмитрийдің көрсеткіші – 2:09.71.
Бұл сайыста отандасымыз тек АҚШ-тың атақты спортшысы, Олимпиада ойындарының жеңімпазы және қола жүлдегері, әлемнің екі дүркін чемпионы Коди Миллерге ғана есе жіберді. Ал үшінші орынды тағы бір америкалық жүзуші Эндрю Уилсон иеленді. Бір айта кетерлігі, жоғарыда есімдері аталған АҚШ-тың қос спортшысы жарыстың алғашқы күні біздің Дмитрий Баландиннен қалып қойған еді.