Қазақстандықтар Колумбияға визасыз бара алады
Қазақстандықтар Колумбияға визасыз бара алады
- деді ҚР СІМ-нен. Өз кезегінде Колумбия Сыртқы істер министрінің орынбасары Франсиско Эчеверри саяси диалогтың дамуына жоғары баға беріп, 2015 жылдан бері өткізіліп жүрген қазақстандық дипломаттар мен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының студенттері үшін испан тілі курстарын жалғастыруға дайын екендігін жеткізді. Сондай-ақ сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың кеңеюіне үміт білдірді. Келіссөздер барысында Тараптар халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, жаңа сынақтар мен қауіп-қатерлерге қарсы әрекет ету, ядролық қаруды таратпау және терроризмге қарсы күрес мәселелерімен тығыз жұмыс істеуге қызығушылық білдірді. Бұдан бөлек, ЭЫДҰ-ға қосылудың практикалық аспектілерін талқылап, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара қолдау туралы уағдаласты. Келіссөздердің қорытындылары бойынша екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының өкілдері дипломатиялық және қызметтік паспортқа ие азаматтарды визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды.