Ғалымдар қартаюдың үш кезеңін атады
Ғалымдар қартаюдың үш кезеңін атады
Стэнфорд университетінің ғалымдары адамның қартаюы бірнеше кезеңге бөлінетінін анықтады, деп хабарлайды Nature Medicine.
Мамандар 18 бен 95 жас аралығындағы 4263 адамның қан плазмасындағы ақуыздарды зерттей келе олардың құрылымынан адамдардың жас ерекшелігіне қарай құбылатын өзгерістерді байқады.
Зерттеу нәтижесінде ғалымдар қан плазмасындағы ақуыздардың негізгі өзгерісі үш кезеңнен тұрады деген қорытындыға келді. Олар: 34, 60 және 78 жас.
Бұл жаңалық егде адамдарда кездесетін аурулармен күресуде тиімді қолданыс табады дейді авторлар.