«Бастау» кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды
«Бастау» кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды
VIII студенттік және дебюттік халықаралық «Бастау» кинофестивалі жеңімпаздарды жариялады.
Фестивальдің тарихында алғаш рет қысқаметражды фильмдермен (Bastau Shorts) қатар дебюттік толықметражды (Bastau Debuts) қартиналар да бақ сынады. Аталған бағдарламаға Еуропа елдері, жақын және алыс шетелден ондаған толықметражды фильм қатысқан.
Bastau Debuts толықметражды дебюттік фильмдер байқауының халықаралық қазылар алқасы құрамында ресейлік кинорежиссер, сценарист және продюсер Михаил Сегал (төраға), киносыншы Роберто Куэто (Испания), продюсер Денис Васлин (Нидерланд), театр және кино актриса Нелли Уварова (Ресей), актер және продюсер Фархат Абдрайымов (Қазақстан) жұмыс атқарды және жүлделерді төмендегідей үлестірді:
Үздік фильмге Гран-при: «Қабірлерді қозғау» (режиссері Чон Сын-о, Оңтүстік Корея);
Үздік режиссура жүлдесі: «Ыңырсу» (режиссері Доминик Сангма, Үндістан, Қытай);
Қазылардың арнайы жүлдесі: «Мәриам» (режиссері Шәрипа Оразбаева, Қазақстан);
Үздік ер адам ролі үшін жүлдесі: үлестірілмеді;
Үздік әйел адам ролі үшін жүлдесі:
«Көңілден кеткен», актриса Юдита Франкович, режиссері Миха Маззини (Словения, Хорватия, Сербия);
«Пәк қыздар», актриса Джой Ригер (режиссері Керен Бен Рафаэль, Израиль, Франция, Бельгия);
Қазылардың арнайы аталымы: «Бәрі де анам үшін» (режиссері Малгожата Имельска, Польша).
Биыл Bastau Shorts қысқаметражды фильмдер байқауына қатысуға өтінім жолдаған ұсынымдар былтырғыға қарағанда көп келіп түскен. Әлемнің 44 елінен 360 картина қатысқан. Фестивальдің халықаралық әлеуетінің артқанын осыдан байқауға болады.