Қаралы күн: Украина туы төмен түсірілді
Қаралы күн: Украина туы төмен түсірілді
Одесса колледжінде болған өртке байланысты бүгін Украинада қаралы күн жарияланды, деп хабарлайды Укринформ.
"Бүкіл Украинада аза тұту күнінде: мемлекеттік органдардың, жергілікті билік органдарының, мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың үйлерінде және ғимараттарында Украинаның Мемлекеттік Туы түсірілсін; ойын-сауық және концерттік шаралардан бас тартылсын, теледидар мен радио бағдарламаларына тиісті өзгерістер енгізілсін", - делінген Президент Жарлығында.
Сонымен қатар, Владимир Зеленский бұл шешіміне Facebook-тегі парақшасында да арнайы пікір білдірді.
"Осы қайғылы оқиға барлық шенеуніктер, басшылар, барлық Украина азаматтары үшін сабақ болсын. Өмір - әрқайсымыздың қолымызда бар ең құнды нәрсе. Адам өмірі - бұл елдің ең басты құндылығы. Олардың өмірін сақтау - мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті. Адамдар майданда жан қиып жатса ауыр дейміз. Ал бейбіт қалада, біреудің қателіктері немесе немқұрайдылық салдарынан адамдардың қайтыс болуы екі есе ауыр", - деді ол өз жазбасында.