7 Желтоқсан, 20:25 437 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Диета ұстамай-ақ арықтауға болады

Американдық ғалымдар адамды артық салмақтан арылтатын әдіс ұсынды. Калифорния университеті мен Солк институтының ғалымдары диета ұстап, спортпен айналысуды қажет етпейтін арықтау жолын ойлап тапқан. Бұл туралы Cell Metabolism порталы хабарлады.

Дәрігерлер тәуліктің 10 сағатының ішінде ғана тамақ ішіп, қалған 14 сағат ашығуға кеңес береді. Айтуларынша бұл салмақты азайтып, денсаулықты жақсартуға септігін тигізеді.

Мамандар жүргізген тәжірибеге зат алмасу процесі бұзылған 19 адам қатысқан. Олар тәуліктің тек он сағатында тамақтанып, жеген тағамдарын арнайы қосымшаға тіркеп отырған. Сондай-ақ белсенді болған кездерінің де есебін жүргізеді.

12 аптадан кейін олардың қанындағы холестерин мөлшері 11 пайызға азайып, қан қысымы 4-8 пайызға төмендеген. Сонымен қатар әрқайсы шамамен үш келіге арықтаған. Тәжірибеге қатысушылардың ұйқысы да тынышталыпты.

aikyn.kz

Соңғы жаңалықтар