Қай аймақта қазақ көп, ал қай өңірде аз?

7 желтоқсан, 2019 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Қай аймақта қазақ көп, ал қай өңірде аз? Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек, 2019 жылдың басындағы дерек бойынша қазақтардың үлесі ең аз аудан – Шығыс Қазақстан облысындағы Шемонаиха ауданы (15,4%), ал қалалар арасында – Риддер (15,2%). 2019 жыл басындағы көрсеткіш бойынша, Қазақстан аудандарының арасында қазақтардың үлесі ең жоғары аудан – Қызылорда облысындағы Арал ауданы. Бұл аудандағы қазақтар үлесі  99,9% құрады.