Нұр-Сұлтан әуежайында 3 инспектор жараланды

Нұр-Сұлтан әуежайында 3 инспектор жараланды

Нұр-Сұлтан әуежайында 3 инспектор жараланды
ашық дереккөзі
Facebook қолданушысы Нұр-Сұлтан әуе жайында оқ атылып, адамдар жараланғаны туралы жазған. Желіде 3 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан әуежайының өрт, апатты-құтқару қызметінің ғимаратында қару тексеру кезінде мылтық өздігінен атылып, үш инспектор денесінің төменгі бөлігінен жараланғаны туралы ақпарат тарап кетті. Полиция Департаменті бұл оқиға бойынша тергеу жұмыстарын бастағанын мәлімдеді. «Факті Нұр-Сұлтан әуежайына қарайтын полиция бөлімшесінің сотқа дейінгі тергеудің біріңғай реестріне Қылмыстық кодекстің 114 бабының 3 тармағы бойынша тіркелген. Істің мән-жайын тексеріп жатырмыз», – деді департаменттің баспасөз қызметі. Әуежайдың сайтында өрт, апатты-құтқару қызметі ұшақтардың ұшып-қонуы кезінде аэродром аумағында өрт қауіпсіздігін, апатты-құтқару операцияларын жүргізуді қамтамасыз етіп, төтенше жағдай кезінде көмек көрсетумен айналысады.