6 Желтоқсан, 15:09 407 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Нұр-Сұлтан әуежайында 3 инспектор жараланды

Facebook қолданушысы Нұр-Сұлтан әуе жайында оқ атылып, адамдар жараланғаны туралы жазған. Желіде 3 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан әуежайының өрт, апатты-құтқару қызметінің ғимаратында қару тексеру кезінде мылтық өздігінен атылып, үш инспектор денесінің төменгі бөлігінен жараланғаны туралы ақпарат тарап кетті.

Полиция Департаменті бұл оқиға бойынша тергеу жұмыстарын бастағанын мәлімдеді.

«Факті Нұр-Сұлтан әуежайына қарайтын полиция бөлімшесінің сотқа дейінгі тергеудің біріңғай реестріне Қылмыстық кодекстің 114 бабының 3 тармағы бойынша тіркелген. Істің мән-жайын тексеріп жатырмыз», – деді департаменттің баспасөз қызметі.

Әуежайдың сайтында өрт, апатты-құтқару қызметі ұшақтардың ұшып-қонуы кезінде аэродром аумағында өрт қауіпсіздігін, апатты-құтқару операцияларын жүргізуді қамтамасыз етіп, төтенше жағдай кезінде көмек көрсетумен айналысады.

Соңғы жаңалықтар