Кеспенi өзiмiз өндiремiз

6 желтоқсан, 2019 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Кеспенi өзiмiз өндiремiз Түркiстан облысы Қазығұрт ауданы Майлыошақ ауылында жылдам әзiрленетiн тамақ өнiмдерiн өндiретiн зауыт ашылды. Жылдам әзiрленетiн кеспе өндiрушi iрi компания – «CG Foods Central Asia» бұл жобаға 5,7 млрд теңге инвестиция салған. Бұл орайда 300-ге жуық қазақстандықты жұмыспен қамтамасыз етудi жоспарлануда. Шығарылатын өнiм көлемi жылына 4,5 мың тоннадан асады. Өндiрiс процесiнде тек отандық шикiзат пайдаланылады. Өнiмдi iшкi нарыққа ғана емес, сыртқа экспорттау да жоспарда бар.