Пойыз жолда селфиге түспек болған қызды пойыз қағып кетті

6 желтоқсан, 2019 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Пойыз жолда селфиге түспек болған қызды пойыз қағып кетті «Спутник Қазақстанның» жазуынша, оқиға Ақтөбеде 4 желтоқсан күні сағат түнгі он бірлер шамасында болған. Облыстық полиция департаменті: «Авиа қалашық ауданында екі қыз селфиге фотоға түскісі келген. Біреуін қатты жылдамдықпен келе жатқан пойыз қағып кетті», – деп хабарлады. 2000 жылы туған қыз ауруханаға жеткізілгенімен, таңертең көз жұмды.