ТМД iшiнде ажырасуға арыз жазатындардың ең көбi Қазақстанда екен. Мұндай мәлiметтi «Бақытты отбасы» ресурстық қолдау орталығының мамандары айтты.
Аталмыш ұйым өкiлдерiнiң айтуынша, биыл бұл орталыққа 2 500-ден аса адам жүгiнiптi. Олардың 2 423-i ажырасу мәселесiмен келiп, тек 871-i орталық мамандарының кеңесiнен кейiн татуласқан. «Жалпы сотқа келiп түсетiн iстiң былтыр 70 пайызы ажырасса, биыл 47 пайызы ажырасты», – дейдi Алматы қаласы Әуезов ауданының судьясы Бақыткелдi Тұрлыбеков.