Жаңалықтар

Хельсинки – Алматы бағытында әуе рейсі ашылады

ашық дереккөзі

Хельсинки – Алматы бағытында әуе рейсі ашылады

Қазақстан мен Финляндия арасында әуе қатынасы кеңеймек.  Кеше қазақстандық делегация Финляндияның авиация билігімен келіссөз жүргізді. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. «Мемлекет басшысының тапсырмасымен енгізілген «ашық аспан» режимі аясында екі ел арасында аптасына 14 рейске дейін, атап айтқанда Хельсинки - Нұр-Сұлтан бағыты бойынша 7 рейске, Хельсинки - Алматы бағыты бойынша 7 рейске дейін ұшу жиіліктер саны артты» делінген хабарламада. «Finnair» әуе компаниясы 3 жыл бойы Нұр-Сұлтан - Хельсинки бағыты бойынша ұшуда. Жаңадан қол жеткізілген уағдаластық негізінде Нұр-Сұлтанға орындалатын рейстер санын ұлғайту және Алматыға рейс ашу жоспарланып отыр.