Меңін алдырған бойжеткен ми ісігіне шалдықты

Меңін алдырған бойжеткен ми ісігіне шалдықты

Меңін алдырған бойжеткен ми ісігіне шалдықты
ашық дереккөзі
Меңін алдырып тастаған америкалық бойжеткен Маккен Картерде бес ми ісігі пайда болған. Бұл туралы Vesti.ru хабарлады. 2017 жылы америкалық қызда меланоманың бірінші деңгейі анықталған. Нәтижесінде дәрігерлер оның арқасындағы қалды алдырып тастауға шешім қабылдаған. Дәрігерлер де, қалын алдырған қыз да қатерлі ісіктің көзі жойылғанына сенімді болған. Бір жылдан кейін Маккен Картер тұмау белгілері мен басының жиі ауыратынын байқаған. Дәрігерлер компьютерлік томография бойынша бес ми ісігін және қатерлі ісіктің бауырына, өкпесіне және сүйектеріне ауып кеткенін анықтаған. 20 жастағы америкалық қыз бірден химиотерапия курсын бастағанымен ем-дом шарасы көмектесе алмаған. Ісіктің бірі қансырап, оны алып тастауға тура келген. Жарты жылғы ем нәтижесіз болған. Сөйтіп Картер өлімге дайындала бастаған. Науқастың сөзінше, сол сәтте ол қайтыс болатынын сезген.