Жаңалықтар

Өзін судьямын деп жариялаған алматылық әйел жалған шешімдер шығарып келген

ашық дереккөзі

Өзін судьямын деп жариялаған алматылық әйел жалған шешімдер шығарып келген

Алматыда "Әділет" халықаралық арбитраж сотын" құрған әйел ұзақ уақыт бойы алаяқтықпен айналысып, көпшілікті алдап келген. Бұл туралы қалалық прокуратура хабарлады.  Әйел өзін судьямын деп жариялап, Қазақстан Республикасының әкімшілік, қылмыстық және азаматтық істер бойынша шешім шығарып, оны сот бланкісімен рәсімдеп отырған. "Заңсыз сот актілері арқылы ол азаматтарды жүргізу куәліктерінен айырған, олардан ақша алған, сонымен бірге түрмеде отырған адамдарды босатуға тырысқан", - делінген прокуратура мәлімдемесінде. "Судьяның" жалған әрекетін қалай анықтанын тергеушілер ашық айтпайды. Бірақ ол құрған бірлестік жабылғанын, оған қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.