Қаржы министрі жаңажылдық кешті мемлекет есебінен өткізетіндерге ескерту жасады
Қаржы министрі жаңажылдық кешті мемлекет есебінен өткізетіндерге ескерту жасады
Мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар бюджет қаражатынан төленетін жаңажылдық корпоративті кештерді өткізуден бас тартуы тиіс. Қаржы министрі Әлихан Смайылов осындай мәлімдеме жасады.
Министрдің пікірінше, егер мемлекеттік мекеме қызметкерлері жиналып, осы мерекені атап өткісі келсе, оны өз есебінен жасағаны жөн.
«Егер жұмысшылар өздері жиналып тойлайтын болса, мәселе басқа», - деді министр.
Смайылов сонымен бірге биыл министрліктің өзі корпоративті кеш өткізуді жоспарламайтындығын атап өтті.
Қаржы министрлігі былтыр да Жаңа жылды тойлаған жоқ. Себебі, мұндай мерекені өткізуге мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінбеген. Алайда қызметкерлер мерекені өз қалталарынан төлеп, Жаңа жылды қарсы алды.