Алматыда үйлері сүрілетін 117 тұрғынға өтемақы берілді

Алматыда үйлері сүрілетін 117 тұрғынға өтемақы берілді

Алматыда үйлері сүрілетін 117 тұрғынға өтемақы берілді
ашық дереккөзі
Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жол айрығы салынатын кезде пайда болған түйткіл шешімін тапты. Сот шешімі осыдан 1 жарым жыл бұрын шығып қойса да, жеке сектор иелері қаражаттарын ала алмай жүрген. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев күрмеуі қиын мәселені осы жылдың 29 қазанында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуде көтеріп, түйткіл шешілді. Бұл туралы   "Алматы" арнасы хабарлады. Ольга Кузнецова осы ауданда туғанынан тұрып келеді. Мына үйді аталары соғыс жылдарынан кейін салған екен. Сол кезден бастап төрт ұрпақ осы қара шаңырақтан түлеп ұшқан. Үйлермізі сүрелітінін білгенде абдырап қалдық, балалық шағымның естелігі болғасын қимаймын, - дейді Ольга Кузнецова. «Әрине, қимастық сезімі бар. Бірақ қаланың дамуы үшін жасалып жатқан жұмысты қолдаймыз. Аудан көз алдымызда дамыды. Жастық шағымның барлығы осы жерде өтті. Бүгін өтемақымызды алдық әйтеуір. Негізі 1 жарым жыл бұрын көшіп кетуіміз керек болған. Осы уақыт аралығында үйімізді сата алмай, не жөндеу жұмыстарын жүргізе алмай екі ойлы болып жүргенбіз. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевпен кездесуде осы мәселені тез арада шешіп беруін өтіндік», – деді аудан тұрғыны Ольга КУЗНЕЦОВА. Осы күні мына маңайда сүрілетін 117 үйдің иелері өтемақыларын алып үлгерген. Енді жаңа баспана тауып көшулері керек. Қоныс аударғанға дейін ескі үйлерінде ыстық су мен жылу өшірілмейді. Яғни, коммуналдық қызметтен қағылмайды. Азаматтардың дені алған қаражаттарына дән риза. Күрмеуі қиын мәселе 2017 жылдан бері шешілмей келген. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев тамыз айында Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесуде осы сұрақ көтіреліген болатын. Мегаполис басшысы сүрілетін үйлердің иелері көп ұзамай өтемақыларын қолдарына алатынын айтып, уәде етті. Сөзінде тұрды. 3 жарым миллиард теңге республикалық бюджеттен бөлінді. «Бүгін сүрілетін үй иелерімен кездестік. Азаматтармен көшу мәселесін талқыладық. Желтоқсан айында мейрамдар көп болғандықтан, сонымен қатар ауа-райының суықтығына байланысты біз тұрғындарға жаңа жылдан кейін көшуге келістік. Ол уақытқа дейін олар жаңа баспана табуы керек. Бас қосу кезінде басқа да сұрақтар қаралды. Жалпы алғанда жолайрық мәселесі шешілді деп айтуға болады», – деді Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының басшысы Ардақ САМАМБЕТОВ. Еске сала кетейік, Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысында кешкі және таңғы уақытта ұзын сонар кептеліс болып қалатындықтан, қала басшылығы жолайрық салуды ұйғарған. Республикалық бюджеттен бұл құрылысқа 3 миллиард теңге  бөлінген болатын.