Жаңалықтар

Қызылорда облысында автобус аударылып, 7 адам көз жұмды

ашық дереккөзі

Қызылорда облысында автобус аударылып, 7 адам көз жұмды

Қызылорда облысында 35 адам мінген автобус аударылып, жеті адам мерт болды.  Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтің айтуынша, 3 желтоқсан күні Қызылордадан 85 километр жерде көктайғақтан жүргізуші рөлге ие бола алмаған. Автобус жолдан шығып кетіп, төңкеріліп қалған. Оқиға таңғы сағат 05:25-те болған. "Соңғы мәлімет бойынша, оқиға орнында алты адам қаза болды, тағы біреуі ауруханаға барар жолда жан тапсырды, зардап шеккен 28 жолаушы автобустан шығарылды. Құтқарушылар апаттан құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр", - деп атап өтті Нұрахметов.