Төртінші "Әлем барысы" анықталды
Төртінші "Әлем барысы" анықталды
Алматы қаласындағы «Балуан Шолақ» спорт сарайында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған қазақ күресінен "ӘЛЕМ БАРЫСЫ" халықаралық сайысы өз мәресіне жетті.
Чемпионат Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын дамыту, шет елдерде қазақ күресін дамыту барысындағы ынтымақтастық пен өзара байланысын нығайту, қазақ күресін халықаралық деңгейде одан әрі жетілдіру, насихаттау және беделін көтеру, қазақ күресінен "Әлем Барысын" анықтау мақсатын жүзеге асырды.
Чемпионатты Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, ҚР қазақ күресі федерациясы және "Qazaqstan Barysy" қазақ күресін дамыту және қолдау қоры ұйымдастырды. Сонымен қатар, "Қазақтелеком" АҚ, "ORDA-INVEST" Корпорациясы және "Сәтті жұлдыз" АҚ демеушілік жасады.
Әлемдік доданың ашылу салтанатында ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі, ҚР қазақ күресі федерациясының президенті Д.Абаев сөз сөйлеп, балуандарға сәттілік тіледі.
Төртінші рет өткен бәсекеге 30 елден 33 балуан қатысты. "Әлем Барысы" атануға АҚШ, Австралия, Азербайджан, Бразилия, Греция, Грузия, Үндістан, Иран, Испания, Италия, Камерун, Конго, Корея, Куба, Қырғызстан, Литва, Моңғолия, Нидерланды, Пәкістан, Польша, Ресей, Словения,Тәжікстан, Түркіменстан, Түркия, Өзбекстан, Украйна, Эстония, Япония секілді елдердің және Қазақстанның атақты балуандары қатысты.
Айта кетейік, чемпионаттың ресми ақпараттық ресурсы www.qazaqstanbarysy.kz сайты, қосымша ақпараттар "Қазақстан Барысы" қазақ күресін дамыту қорының әлеуметтік желілердегі ресми өкілдіктерінен таратылады.