Трамп импичмент бойынша тыңдауға қатыспайтынын мәлімдеді

Трамп импичмент бойынша тыңдауға қатыспайтынын мәлімдеді

Трамп импичмент бойынша тыңдауға қатыспайтынын мәлімдеді
ашық дереккөзі
АҚШ президенті Дональд Трамп 4 желтоқсанда белгіленген Өкілдер палатасындағы импичмент бойынша тыңдауға қатыспайды. Бұл туралы Ақ үйдің заңдық кеңесшісі Пэт Чиполлоненің сот комитетінің төрағасы Джеррольд Надлерге жолдаған хатында жазылған, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі
"Біз бұл іс бойынша куәлер ашық айтылғанға дейін тыңдауға қатыса алмаймыз. Әзірше сот комитеті косымша тыңдауларды белгілеп, президентті әділетті процесспен қамтамасыз ету-етпесі белгісіз болып тұр. Сол себептен президент сәрсенбідегі тыңдауға қатыспайды", - деп жазылған хатта. Чиполлоне комитет отырысы Трамп НАТО-ның отырысына қатысу үшін Лондонға баратын күнге белгіленгенін айтты. Ал демократтар отырысты әдейі осы күнге белгіледі деп есептейді. 4 желтоқсанда Өкілдер палатасының Заң және сот комитеттерінде Трампқа импичмент жариялауға конституциялық негіз бар-жоғы талқыланады. Бұл үшін Конгресске конституциялық құқық бойынша заңгер мен сарапшылар шақырылған. Трамп 2020 жылы өтетін сайлаудағы ықтимал бәсекелесі Джо Байденге зиян келтіру үшін Украина президентіне қысым жасаған деп айыпталып жатыр. Президент демократтардың айыптауларын сынға алып, оған қарсы басталған импичмент "америка саясаты тарихындағы ең үлкен алаяқтық" деп атаған.