2 Желтоқсан, 14:38 231 0 Аймақ Анар ЛЕПЕСОВА

Таразда ірі сауда орталығы өртке оранды

Тараз қаласында Сәтпаев көшесінің бойында орналасқан «Эврика» супермаркеті өртеніп кетті. Бұл туралы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі хабарлады. 

Комитеттің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтің айтуынша, 2 желтоқсанда сағат 01:01-де екіқабатты «Эврика» супермаркетінен өрт шыққаны жайлы хабар келген.

«Өрт сөндірушілер келгеннен кейін екінші қабаттағы ағаш төбенің өртеніп жатқанын анықтаған. Өрт 03:31-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталады», - дейді Нұрсұлтан Нұрахметов.

Өртті сөндіруге барлығы 84 адам мен 19 техника жұмылдырылған. Полиция қызметкерлері нысанды қоршауға алған.

Соңғы жаңалықтар