Жаңалықтар

26 минут 38 секунд: Угандалық желаяқ әлемдік рекордты жаңартты

ашық дереккөзі

26 минут 38 секунд: Угандалық желаяқ әлемдік рекордты жаңартты

Тасжолдағы жарыста 10 шақырымға жүгіруден угандалық желаяқ әлемдік рекордты жаңартты, деп хабарлайды euronews.com. Испанияның Валенсия қаласында өткен бәсекеде ол осы қашықтықты 26 минут 38 секундта бағындырды. Бұл 2010 жылдан бері кениялық жеңіл атлет Леонард Комон ұстап келе жатқан рекордтан 6 секундқа жылдам нәтиже. Угандалық соңғы шақырымды 2 минут және 45 секундтан аз уақытта жүгіріп өтті. 23 жастағы Чептегеи – биылғы жылы 10 шақырымдық қашықтыққа жүгіруден әлем чемпионы және 2017 жылы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған.