"Нұрлы жер": Екі министрліктің қызметкерлері баспаналы болды

"Нұрлы жер": Екі министрліктің қызметкерлері баспаналы болды

"Нұрлы жер": Екі министрліктің қызметкерлері баспаналы болды
ашық дереккөзі

"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша алғашқы пәтерлерге ҚР ДСМ және БҒМ қызметкерлері қол жеткізді. Бұл туралы "Қазақстан Ипотекалық Компаниясының" баспасөз қызметі хабарлады.

Тұңғыш президент күні Ақтөбеде "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын және "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ИҰ" АҚ мен министрліктер арасында 2019 жылғы маусымда қол қойылған меморандумды жүзеге асыру аясында білім беру және денсаулық сақтау саласы жұмысшыларына жаңа пәтерлер кілтін салтанатты табыстау шарасы өтті. Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаеваның ұсынысымен Қазақстан Ипотекалық Компаниясы дәрігерлер мен мұғалімдер тәрізді әлеуметтік маңызы бар мамандық өкілдері үшін арнайы тұрғын үйді ипотекалық несиелеу бағдарламасы дайындалған еді. Биыл жазда біздің компания, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Білім және Ғылым министрлігі арасында сәйкес келісімдерге қол қойылды. Бүгінде бағдарламаның алғашқы қатысушылары – Ақтөбе қаласының тұрғындары – өздерінің жаңа пәтерлерінің кілтін алды, - дейді "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ИҰ» АҚ басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов. Жаңа қоныстанушыларға "Қарғалы" тұрғын үй алабы, 200 үй, 1,2 корпус мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы ауданы 1 579 шаршы метр 40 пәтер тапсырылды. Бұл пәтерлердің 17-сі Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінде жұмыс істейтін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлеріне, 23 пәтер Білім және ғылым министрлігінің Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде жұмыс істейтін қызметкерлеріне берілді.
Шараға Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин, "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ИҰ" АҚ басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов ҚР Білім және Ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Қанат Сәрсенбаев қатысты. Жалпы алғанда, мұғалімдер мен дәрігерлерге арналған сатып алу құқығы бар жалдамалы тұрғын үйді қаржыландыруға Компанияның жеке және қарызға алған қара жатынан шамамен 40 млрд теңге бөлінеді. 2020-жылдың бірінші жарты жылдығында Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларында пәтерлерді үлестіру жоспарланған.