Қазақстан ультрабук шығаруды қолға алды

Қазақстан ультрабук шығаруды қолға алды

Қазақстан ультрабук шығаруды қолға алды
ашық дереккөзі
Петропавлдағы Киров зауытында ультрабук шығара бастады. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының Муниципалдық телеарнасы хабарлады.  «Петропавлда ноутбук шығарылады. Киров атындағы зауыт жыл басынан қытайлық компаниямен келіссөз жүргізіп, гаджеттерді құрастыруды қолға алған болатын. Жазда жергілікті инженерлер аспан асты еліне тәжірибе жинақтауға барса, енді шетелдік мамандар Петропавлға келді. Қос тарап бірлесіп, алғашқы 50 бірдей сынамалық ультрабук құрастырды», - деп жазды  телеарна Facebook-тегі парақшасында. Телеарна тілшісінің дерегінше, ультрабуктің салмағы 1,3 келіні құрайды. Гаджет оқушылар мен студенттердің жұмыс істеуі үшін барынша қолайлы болмақ. Ультрабукте жергілікті кәсіпорынның логотипі таңдаланып, өндірушісі ретінде Киров зауытының атауы көрсетілген.