Өзге планеталықтар келді ме: Петропавлдықтар таңғажайып аспан көрінісінің тылсымын зерттеуде

Өзге планеталықтар келді ме: Петропавлдықтар таңғажайып аспан көрінісінің тылсымын зерттеуде

Өзге планеталықтар келді ме: Петропавлдықтар таңғажайып аспан көрінісінің тылсымын зерттеуде
ашық дереккөзі

Петропавлдықтар жақында аспанда орын алған құбылысты жаппай талқылау үстінде. Олар көргендерінің өзге планеталықтардың келуі деп те айтып жатыр.  Кенеттен пайда болып, өзінің жарқыраған бейнесімен аспан денесі тұрғындарды шынымен-ақ әбігерге салған көрінеді, деп хабарлайды КТК арнасы. 

Аспандағы көріністі тұрғындар бірден ұялы телефондарына түсіруді жөн көріпті. Бұл желі қолданушыларының талқысына ұшырады. Ең қызығы, қаланың кейбір тұрғындары бұны жат планеталықтардың келуі деп қабылдапты. Бұған қоса әуедегі құбылысты Қазақстанның басқа да аймақтары мен Ресейдің өңірлерінде байқалған. Алайда бұдан кейін Ресей қорғаныс министрілігі бұны «Тополь» баллистикалық зымыранынын ұшуы деп түсіндірді. Содан соң ғана дүрліккен жұрт біраз тынышталған көрінеді. "Зымыранды ұшырған кезде оның артынан ғарыштық жол пайда болған. Яғни, ауаның беткі қабатында зымыран жанармайының ыдырауы орын алған, салдарынан ірі конус сияқты бейне көрінді. Ал жарқыраған зат оның бастапқы ұшы", - деді физика-математика ғылымдарының кандидаты Андрей Солодовник.