Жаңалықтар

Атырауда жазасын өтеуші түрмеде үйлену тойын жасады

ашық дереккөзі

Атырауда жазасын өтеуші түрмеде үйлену тойын жасады

Жазасын өтеп жатқан қалындық, бостандықтағы сөз байласқан жігітіне тұрмысқа шықты. Қос ғашықтың тойына түзету мекемесіндегі қызметкерлер ғана куәгер болды, деп хабарлайды  Астана арнасы. Түрмедегі тойға бостандықта ата-ана, бауырлары қолдау білдірген. "Мен ешқашан түзету мекемесінде тұрмысқа шығамын деп ойлаған жоқпын. Соған қарамастан бақыттымын. Оны сүйемін және болашағымыз жарқын болады деп ойлаймын", - дейді жазасын өтеуші Татьяна Киселева. Күйеужігіт те бұрын шалыс басып, жазасын өтеп шыққан. Ол сүйгеніне жақын болуы үшін Ақтөбеден Атырауға қоныс аударып, осында жұмысқа орналасқан. Кездесуге келіп жүріп, нақты шешімді биыл көктемде ғана қабылдапты. Жастардың жоспарына ата-аналары қарсы болмаған.