30 Қараша, 10:30 219 0 Әлеумет Анар ЛЕПЕСОВА

«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

«Болашақ» стипендиясының иегерлері анықталды. 234 үміткерді аты-жөні бар толық тізім жария етілді. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» баспасөз қызметі хабарлады. 

«Шетелде мамандар даярлау бойынша республикалық комиссия отырысының шешімі бойынша 234 үміткерге «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Стипендия иегері атанғандар шетелдік жоғары оқу орындарында магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша білім алады. Сондай-ақ, әлемдік ғылыми және өндірістік орталықтарға тағылымдама бойынша да жіберілетін болады», делінген хабарламада.

Стипендия иегерлерінің толық тізімін мына сілтеме арқылы көруге болады.

Еске сала кетсек, Ақордада Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысында білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтің Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы есебі тыңдалды, сондай-ақ, «Болашақ» бағдарламасының іске асырылуына қатысты бірқатар мәселе талқыланды.

 

 

Соңғы жаңалықтар