Алматыда туристерге арналған 4 полиция пункті ашылады

Алматыда туристерге арналған 4 полиция пункті ашылады

Алматыда туристерге арналған 4 полиция пункті ашылады
ашық дереккөзі

Алматыға келетін саяхатшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларға ақпараттық қызмет көрсету үшін төрт туристік полиция пункттері ашылады. 

Модульдер Бостандық және Медеу аудандарында келесі аптада орнатылмақ. Атап айтқанда, шетелдік қонақтарға көмек көрсететін шағын пунктер ҚР Тұңғыш Президент саябағы, «Медеу» мұз айдыны маңында, Көктөбеге және әуежайға қойылады. Себебі аталған маңда туристер көп жүреді, деп хабарлайды "Алматы" арнасы. 

Бастысы, оны жаңа модульдерді полиция пунктімен шатастырмау керек деп отыр. Туристік полиция модулін орнатудың мақсаты – саяхатшылар қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларды толғандырған кез келген сауалға жауап беру. «Оның ішінде барлығы қамтылған. Қыста жылы болады. Жазда кондиционер қосылады. Негізінде көп жайсыз жағдай бізде таксиде болып жатады ғой. Заттар жоғалады. Оның бәрін біз фейсбуктегі полициясының департаменті парақшасында көрсеттік», - деді Алматы қаласы Полиция департаменті Туристік полиция бөлімінің аға инспекторы Жеңісбек ШАЛБАЕВ. Еске сала кетейік, туристік полиция биыл көктемде құрылды. Оның құрамында 25 полицей бар. Олардың басым бөлігі ағылшын тілін білсе, біразы қытай, корей, француз тілдерін жетік меңгерген.