Жаңалықтар

Елбасы тапсырмасы – маңғыстаулық партия активінің назарында

ашық дереккөзі

Елбасы тапсырмасы – маңғыстаулық партия активінің назарында

Елбасының төрағалығымен өткен аймақтық филиал өкілдерімен кездесуінің қорытындысы бойынша және Тұңғыш Президенті күніне орай партия активінің жиналысы болды. «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Серікбай Трұмовтың төрағалығымен өткен басқосуда өңір басшысы Н.Назарбаевтың партияның аймақтық филиалдар өкілдерімен кездесуі жайында әңгімеледі. — Кездесуде партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек және партия филиалдарының өкілдері баяндама жасады, -  деді Серікбай Өтелгенұлы. Баяндамашыларды тыңдаған соң Елбасы «Nur Otan» партиясының қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан барлық мүшелерінің еңбегін атап өтті. Біріншіден, Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы табыстары туралы айтып, елдің барлық жетістіктері партиямен тығыз байланысты екенін атап өтті.