Жаңалықтар

Nur Otan партиясының Алматы филиалында қайта жаңғырту мәселелері сөз болды

ашық дереккөзі

Nur Otan партиясының Алматы филиалында қайта жаңғырту мәселелері сөз болды

Алматыда Nur Otan партиясы қалалық филиалы активінің отырысы өтті.  Жиында партияны қайта жаңғыртудың маңызды мәселелері, оның ішінде пәрменді электорат құру, праймериз жүргізу, партиялық жобаларды жүзеге асыру, мәслихаттардың рөлін және депутаттық фракциялардың жұмысын күшейту мәселелері талқыланды. «Партияның қалалық филиалы қайта жаңғырту, халықты толғандыратын өзекті мәселелерді қарау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Сонымен қатар, бастауыш партия ұйымдары мен Jas Otan жастар қанаты белсенділік танытуда. Елбасымен болған кеңесте жергілікті жердегі халық жиі келетін сегіз аудандағы біз құрған консультативті орталықтардың жұмысы атап өтілді», - деді Б. Сағынтаев. Активтің жұмысына Nur Otan партиясы қалалық филиалы саяси кеңесінің және депутаттық фракция мүшелері, партияның аудандық филиалдары мен бастауыш ұйым басшылары, партиялық бақылау комиссиясының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің және партияның қалалық филиалы бақылау-тексеру комиссиясының мүшелері қатысты.