Тұман, көктайғақ: Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Тұман, көктайғақ: Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Тұман, көктайғақ: Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты
ашық дереккөзі
Синоптиктер 30 қараша - 2 желтоқсан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек,  Сібір антициклоны әсеріненреспубликаның басым облыстарында ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен төмен және жауын-шашынсыз болады. Ауа райының қауіпті құбылыстарынан бұрынғыдай түнгі және таңғы уақыттарда 50...500 м дейін анық көрінбейтін тұман түседі. Тек батыста және дүйсенбі күні Қазақстанның оңтүстігінде атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын жауады және көктайғақ күтіледі.