Жаңалықтар

Аграрлық саладағы оң өзгеріс

ашық дереккөзі

Аграрлық саладағы оң өзгеріс

Жамбыл облысын­да­ғы ауылдарда жаңа жоба бастау алды. Яғни, елді мекендегі әр отбасы өз аула­сындағы жерді тиімді пайдаланып, мал-құс өсіріп, егіншілікті дамытпақ. Ауыл шаруашылығының өнім­ділігін арттыру аграрлы ел са­налатын Қазақстан үшін аса маңыз­ды. Бұл туралы Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзі­нің Жолдауында да айтып өт­кені белгілі. Президент Жол­дауын­да: «Ауыл шаруашы­лы­ғы – біздің негізгі ресурсымыз, бірақ оның әлеуеті толық пайдаланылмай отыр» деген болатын. Мемлекет басшысының тап­сыр­масынан кейін ауыл шаруа­шы­лығын жандандыру ісіне жаңа­ша көңіл бөліне бастады. Әсіресе, Жамбыл облысының елді мекендерінде басталған жаңа жоба көңіл қуантып отыр. Жоба бойынша азаматтарға мем­лекет тарапынан төмен пайыз­бен несие берілмек. Қа­зіргі уақытта бұл мақсатқа 7 млрд теңгеден астам қаржы қа­растырылған. Жоба облыс бойы­нша 10 ауылдық округке қа­рас­ты 23 елді мекенде жүзеге асы­рылып жатыр. 7 мыңнан ас­­там отбасы қамтылған. Жос­пар нәтижелі орындалса, 2022 жыл­­ға қарай бұл ауыл тұрғын­дары­­ның табысы екі есеге дейін артады. Сондай-ақ 7,9 мл­рд теңге­нің ауыл шаруа­шы­лығы өнім­дері өндіріледі деп күтілуде. Пилоттық жоба облыстағы 10 ауылдық округте жүзеге асы­рылу­да. Алғашқы сәтті жұмысты бас­таған елді мекендер қата­рын­да Жамбыл ауданындағы Бе­сағаш ауылы бар. Қазір Бе­са­ғаш пен Түрксіб ауылдарында  кооператив құрылған. Оған 188 адам өтініш білдіріп, мүшелікке өтті. Бесағаш ауылынан 200-ге жуық отбасы жаңа жобаға қаты­суға ниетті екенін жеткізіпті. Бүгінге дейін халықтан 900 млн теңгенің өтініші қабылданды. Айта кетейік, мемлекет та­ра­пынан берілетін несие қар­жысы кепілдікке қойған мү­лік­ке байланысты есептеледі. Бө­лін­ген қаржы өтініш берушінің жеке есепшотына аударылады. Не­сиені алғаннан кейін шаруа жұ­мысын дөңгелете беруіне болады. Егінді өзі егіп, малды өз қорасында бағып, оның пайдасын да өзі көретін болады. Егер техника қажет болса, кооперациядан көмек ала алады.