29 Қараша, 10:34 212 0 Экономика Әсел ӘНУАРБЕК

Салық жүйесін жаңғырту – жауапты іс

Әр мемлекеттің өсіп-өр­кен­деуінің және дәу­лет­ті­лігінің кепілі – салық. Сон­дықтан салық төлеу жүйе­сі келешегін ойлайтын ел үшін аса маңызды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та салық төлеу жүйе­сін жаңғыртуға баса назар аударып отыр.

Президент «Сындарлы қоғам­дық диалог – Қазақстанның тұ­рақ­тылығы мен өркендеуінің не­гізі» атты Жолдауында ұлттық т­а­быстың әділ бөлінуіне баса мән бере отырып, салық жүйесін жаң­ғырту қажеттігі туралы тапсырма бер­ген болатын. Содан бері елімізде салық төлеу жүйесін дамыту бойын­ша маңызды жұмыстар қол­ға алынуда. Соның нәтижесін­де қараша айының басындағы есеп бойынша, республикалық бюджетке 290,8 млрд теңге салық түсті. Осылайша, өткен жылдың 10 айымен салыстырғанда са­лық­тық кіріс 20,2 млрд теңгеге ар­тып отыр. Ал өңірлер арасынан Атырау облысы (41,5 млрд тең­ге), Алматы (37 млрд теңге) жә­не Нұр-Сұлтан (30,1 млрд тең­ге) қалаларындағы салық көлемі көш бастайды.

Мемлекет басшысы Жолдау ба­рысында: «Қолма-қол ақшасыз төлеу жүйесін жаппай енгізу керек. Бұл үшін тежеуші фактордың бірі саналатын банктердің жо­ғары үстеме алымын жою қа­жет. Сондай-ақ тиісті реттеу ере­же­леріне сәйкес банктік емес төлем жүйесін белсенді дамыту керек. Бұл сегмент қарапайым әрі тартымды болғанымен, ақша жым­қырудың және елімізден капитал шығарудың көзіне айналмауы тиіс» деп атап айтқан еді. Осы ретте қолма-қол ақша­сыз төлем­дер мәселесіне көп көңіл бөлініп отыр. Бұл мәселе бойынша Ұлт­тық банк пен Қар­жы министрлігі тиісті шараларды бірлесе іске асыруда. Ұлттық банк қолма-қол ақ­шасыз төлем­дер көлемінің ар­туы бюджет кірі­сінің өсуімен қа­тар жүруі керек деп есептейді.

Ал Қаржы министрі Әлихан Смайылов: «Ақша аударымдары бойынша комиссия болмаған­дықтан, пайдаланудың ыңғайлы­лы­ғына байланысты Kaspi сияқ­ты жедел аударым жүйелері­нің тұрғындар арасында және бизнесте танымалдығы артып келеді. Әрине, қолма-қол ақшасыз тө­лемдердің өсімі көлеңкелі эконо­миканың төмендеуіне ықпал ететінін түсініп отырмыз. Қаржы министрлігі мұндай аударымдардан ешқандай қосымша төлем немесе салық алуды жоспарлап отырған жоқ. Әсіресе, жеке тұл­ға­лардың қолма-қол ақшасыз аударымдарын тексеру ешқандай жоспарда жоқ», – дейді.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, министрлік банктермен бірлесіп, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін ыңғайлы және заманға инфрақұрылымды дамыту жұмыстарын жүргізіп келеді. «Ал кәсіпкерлік сала ашық болуы керек. Заңға сәйкес кәсіп­кер­лер фискалды түбіртек беріп, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап онлайн-кассалық маши­налар­ды пайдалануы тиіс. Kaspi-ді кәсіпкерлік мақсатта пайдалану – кәсіпкерлерді осы міндеттемелерден босатпайды. Тұтыну­шы­ның құқығын қорғау үшін тек­серудің маңызды екенін ұғыну керек», – дейді министр.

Сонымен қатар қазір Қаржы ми­нистрлігі жедел қызмет көрсету жүйесін пайдаланып кә­сіп­керлердің кірістерін әкім­ші­лендіру мәселесін пысықтап жатыр. Министрліктің дерегінше, бұл онлайн-кассалық машиналар мен POS-терминалдарды автоматты түрде толтыру және салық есеп­тілігін жіберу функцио­нал­дылығымен біріктіру арқылы жүргізіледі. Айта кетейік, салық төлеушілер үшін онлайн-кас­салық машиналарды енгізу кезінде тіркеу тәртібі барынша жеңілдетіліп жатыр. Кәсіпкерге салық өтінішін мемлекеттік кірістер органдарына келіп тап­сырудың қажеті жоқ, онлайн-кассалық машиналардың деректері фискалдық деректер опера­торының веб-сайты арқылы электронды түрде жіберіледі. Бұл қызметтің нәтижесі фискалдық оператордың сайтындағы жеке кабинет арқылы алынады. Жыл соңына дейін фискалдық операторлар санын арттыру көзделіп отыр. Егер осыған дейін бір ғана оператор болса, ал қазір олардың саны үшеуге жетті. Бұл тұрғыда «Қазақтелеком», «Транстелеком» жә­не «Кар-Тел» қамтылып отыр. «Транстелеком» АҚ 3 қыркүйек­тен өз қызметін ұсынуды бастады. «Кар-Тел» ЖШС осы жылдың аяғына дейін өндірістік ортаға шығуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, онлайн касса­лық аппараттарды енгізу елдегі сауда-саттықтың ашық жүруіне әсер ете бастаған. Үстіміздегі жыл­дың тамыз айына дейін онлайн кассалық аппараттар салық органдарынан жасырылған 14 млрд теңгені жарыққа шығарған.

Еліміздегі салық жүйесін жаң­ғыртуға байланысты айта кете­тін тағы бір жайт, келер жыл­дан бастап жер мен мүлік салы­ғын біріктіру көзделіп отыр. Бұл жағдайда жер мен мүлікке са­лынатын салық жеке-жеке есеп­теледі. Ал салық төлеушіге бір сомамен төлеу ұсынылады. Сол секілді, заң жобасында көп пәтерлі тұрғын үйлердің иелері бойынша жер салығын алып тастау да қарастырылған.

Ал шағын және орта бизнес өкіл­деріне салықтық рақымшы­лық жүргізу ісі бойынша, 2018 жылдың 1 қазанына дейінгі берешегі болған 90 мыңнан астам тұлға 210 млрд теңгеге жуық негізгі қарызын төлесе, олардың 123 млрд-қа жуық өсімпұлы ке­шіріледі. Осы уақытқа дейін са­лықтық рақымшылық аясында қазақстандықтар 10 млрд теңгеге жуық салық берешегін өтеген.

Сонымен қатар рақымшылық ая­сында осы кезеңде салықтық қарызы болмаған, бірақ тексеріс барысында анықталған берешектері бар шағын және орта бизнес өкілдерінің қарызы кешірілді. Комитет ақпаратына сәйкес, қа­зір 5 млрд теңгеден астам береше­гін өтеген 1 800-ге жуық ша­ғын және орта бизнес өкілінің айып­пұлдары есептен шығарылды. Айта кетейік, биыл жеке тұлға­ларға арналған салықтық рақым­шылық тамыз айынан басталған болатын. Берешегі барлар әлі де жыл соңына дейін негізгі қары­зын өтеп, өсімпұлын шегере ала­ды. Ал салықтық берешектің бар-жоғын үйден шықпай-ақ, электронды үкімет порталынан білуге болады.

Сондай-ақ елімізде салық тө­леу­шілерді санатқа бөлу қолға алынған болатын. Соның нәти­жесінде тәуекел деңгейі төмен санатқа жатқызылған салық төлеу­шілер ұзақмерзімді салық бе­ре­шегін және әлеуметтік тө­лем­дер бойынша берешегін өтеу­ден босатылды. Осылайша, 2019 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойын­ша тәуекел деңгейі төмен санатқа жатқызылған 60 385 салық төлеушінің 41,6 млрд теңге сомасында салық берешегі бар. Бұл республикалық салық берешегі сомасының 12,1 пайызын құрайды. Бұл ретте аталғандар­дың ішінде 42 218 салық төлеуші бір айдан астам уақыт ішінде салық берешегін өтемеген.

 

Соңғы жаңалықтар