Елбасы Ташкентке барды

29 қараша, 2019 / Анар ЛЕПЕСОВА
ашық дереккөзі
Елбасы Ташкентке барды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыртуымен Ташкентке барды.  Бұл туралы бүгін ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter -дегі парақшасында хабарлады. «Ташкентте Елбасы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының екінші Консультативтік кездесуіне қатысады. Әуежайда Н.Назарбаевты Өзбекстанның Премьер-Министрі Абдулла Арипов қарсы алды», деп жазды баспасөз хатшысы.