Аналарымен бірге Ирак түрмесінде отырған қазақстандық балалар елге оралды

Аналарымен бірге Ирак түрмесінде отырған қазақстандық балалар елге оралды

Аналарымен бірге Ирак түрмесінде отырған қазақстандық балалар елге оралды
ашық дереккөзі
Ирактағы 14 қазақстандық бала елге жеткізілді.  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 27 қараша күні берілген тапсырмасы бойынша жүзеге асырылған гуманитарлық "Русафа" операциясы нәтижесінде балалардың бәрі дін аман Қазақстанға оралды. Ал террористік әрекетке қатысы болғаны үшін сотталған аналары сол елде жазасын өтейді. Гуманитарлық акцияны балалардың аналары мен туған-туыстарының сұрауы бойынша Сыртқы істер министрлігі бірқатар мемлекеттік органдармен, отандық үкіметтік емес құрылымдармен және халықаралық ұйымдармен бірігіп жүзеге асырды. Құжаттандыру мәселесі мен оңалту кезеңі аяқталғаннан кейін балалар өз туыстарымен қауышады. Айта кетейік, бұған дейін ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қарулы қақтығыс аймақтарынан балаларды елге қайтару бойынша «Жусан» операциясы үш мәрте өткізілген болатын. Нәтижесінде 400-дей балғын атамекеніне оралды.