Жаңалықтар

Түркістанда заманауи үлгідегі олимпиадалық резерв дайындау кешені ашылды

ашық дереккөзі

Түркістанда заманауи үлгідегі олимпиадалық резерв дайындау кешені ашылды

Кешеннің салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жаңадан салынып біткен спорт нысанын аралап көрді. Мұнда облыс спортшыларының жоғары спорт шеберлігін арттырып, спорт резервін дайындауға, республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары жетістіктерге жетуін қамтамасыз ету үшін толық жағдай жасалған. «Түркістан қаласында спорт мектептері мен стадионның және заман талабына сай ойын алаңдары құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, облыстың түкпір-түкпірінде спорт нысандары бой көтеруде. Осы арқылы спорттық инфрақұрылым дамуда. Бұл жерде болашақ чемпиондар, Олимпиада ойындарының жеңімпаздары өсіп шығады. Дарынды балалардың кәсіби спортпен айналысып, кәсіби өсуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек», – деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жас спортшыларға арнаған сөзінде.